Уәлиханов аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Мемлекеттік орган

Уәлиханов аудандық маслихаты

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-2

Орташа лауазымдық айлықақы

134851 - 182456

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  5. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Аударма ісі
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Функционалды міндеттер

   

Мәслихат аппаратына жалпы басқару жүргізу, аппараттың жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру. Мәслихаттың өткізетін сессиялары, тұрақты комиссияларының отырыстары, мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдауына, кеңестер, жиналыстар мен кездесулердің және басқа да іс-шаралардың өткізілуіне және өткізілген шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына ұйымдастырушылық, құжаттамалық қамтамасыз етілуін бақылау. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін орындау, мәслихат сессиялары шешімдерінің және мәслихат хатшысының өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу.

    Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын және тіркеуден өткен шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қадағалау. Мәслихат аппаратының іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау.

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының сайлау комиссияларын құру жөніндегі талаптарын, Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау Комиссиясының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.

    Аппарат бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстар енгізіп, бюджеттік тапсырыс жасауға қатысу.

    Еңбек өтілін анықтау және тәртіптік, конкурстық комиссиялардың, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын, құқықтық білім беруді ұйымдастырылуын бақылау. Мәслихат аппараты қызметкерлерінің тағлымдамадан өтуін, тәлімгерлігін, оқуын, қайта даярлау және біліктілігін арттыруын ұйымдастыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.06.2021 – 30.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.07.2021

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 85

Анықтама алу үшін байланыс

87152 21237