Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2024 жылғы 22 мамыр күні Уәлиханов аудандық мәслихаттың экономиканы дамыту және бюджет мәселелері жөнінегі тұрақты комиссия төрағасы Амангелді Солтанұлы Сатыбалдиның төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссияның отырысына бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Тұрақты комиссия қарауына келесі мәселелер ұсынылды: ауданда автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау туралы, Уәлиханов аудандық орталық ауруханада мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты сақтау туралы, Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №2-14с шешімінің орындалуы туралы, Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №3-14с шешімінің орындалуы туралы, Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №1 қаулысын орындау туралы. Депутаттар сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық орталық аурухана, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшыларының ақпараттарын тыңдап, осы мәселелер бойынша туындаған сұрақтарын қойып, мекеме басшыларына бірқатар ұсыныстар айтты. Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қаулылары қабылданды.