Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА ӨЗІН ҰСТАУ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр Әль-Фараби былай деген екен. «Әдептілік - әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы».
✅ «Әдеп» - қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
✅Әдептілік - адам бойына үйдегі тәрбиемен, өзін қоршаған ортаның қарым-қатынасымен берілетін қасиет. Ең алдымен әдептілік сәлемнен басталады.
✅Сәлемдесу - ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида-әдептілік. Көпшілік орынға келгенде сәлеметсіздер ме немесе ассалаумағалейкум деп жалпылама сәлемдескен жөн. Құшақтасып, бет сүйісіп сәлемдесу ер азаматтар үшін ерсі қылық. Ер адам алдымен қол созбаса, әйел адам ер кісіге қол беріп сәлемдесу де әдепке жат.
✅Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік, әдемілік бәрін адам отбасындағы тәрбиеден алады.
✅Адамның басшысы - ақылы, жетекшісі - талап, қорғаны - сабыр, жолдасы - кәсіп, қорғайтын қорғаушысы - мінез, бәрін тәртіпке реттейтін-әдептілік. Біздің халқымыз әр кезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған.
КӨПШІЛІК ОРТАДА ӨЗІН ҰСТАУ МӘДЕНИЕТІ:
Көпшілік орында сағыз шайнау, қарқылдап дауыс шығарып күлу, қоқыстарды көрінген жерге тастай салу, жасы үлкендерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, мобильді телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы басқа қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез–келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.
КӨШЕДЕ ЖҮРІП - ТҰРУ, МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘДЕБІ.
Көшеде жүріп-тұрудың өз тәртібі бар. Аяқ киімнің тазалығы, шашының таралғандығы сырт көзге әдептілік айнасы іспетті. Келе жатып танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, онымен көшенің қақ ортасында тұра қалып сөйлеспеңіз. Танысын кездестіргенде әйел кісі жымиып танығанын білдіргені дұрыс. Ал ер кісі ұзақтан арсалаңдап, қолын созып, амандасуға асықпағаны дұрыс. Ары- бері өтіп жатқан жүргіншілерге кедергі жасамас үшін кездестірген танысыңызбен көшенің бір шетіне шығып, амандық саулық сұрасқан орынды. Әйел кісі ер азаматтың оң жағында жүреді. Өзгелерге кедергі жасап, жолды жауып, өзгелердің өтуіне мүмкіндік бермей жүру ерсі көрінеді. Бағдаршамнан өтерде міндетті түрде «жасыл көздің» жануын күтіңіз. Көшенің арғы бетіне кез - келген жерден жолды қиып өту өз өміріңіз үшін қауіпті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жол (зебра) белдеуінен өткен дұрыс. Гүлзар бақты, көгалды жерді баспаңыз.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ӘДЕПТІЛІК.
Қоғамдық көлікке кіргенде мүгедектерді, балаларды, егде адамдарды, әйелдерді алдымен өткізеді. Егер бір есіктен кіріп шығатын болса, әуелі адамдардың шығуына мүмкіндік береді. Қоғамдық көлікте қатты сөйлеудің, тамақ жеудің ыңғайы жоқ. Түшкіргенде және жөтелгенде қол орамалды пайдаланып, ауызыңызды жауып отырыңыз. Вагон ішінде өзінің үсті - басын тәртіпке келтірмейді, тырнағын тазаламайды, құлағы мен тісін шұқыламайды, бет бояу немесе шаш жөндеу де жөнсіз. Газет оқығыңыз келсе, оны бүктеп оқыңыз. Көршінің оқып отырған газетіне, журналына үңілу, жолаушыларға қадала қарау әдепсіздік. Жолаушыларға барлап қарамайды. Қатты күлу де орынсыз. Вагон ішінде үй іші мен қызметтегі істер жайында сөйлеспейді, өзгелердің әңгімесіне құлақ салмайды.
✅Жұмыстағы мінез - құлық этикасы бұл әріптестер, бәсекелестер арасындағы шынайы және тура қарым - қатынас.
✅Мінез - құлық. Тілектестік пікір айтудағы айқындық, өзін абыройлы ұстау, жанжалды жағдайларда сабырлы, сыпайы болу. Жұмысқа отбасындағы келеңсіздіктер кедергі болмауы тиіс. Жұмыс орнында өз туысқаныңмен отбасындағы рөліне қарай емес қызметіне қарай қатынас жасау керек.
Фирманың немесе ондағы жұмыс істейтін қызметкердің қателіктерін бөтен адамның көзінше айтуға болмайды.
✅Ұжымдық жұмыстың ұстанымдары. Ұжым, оның әрбір мүшелері жеткен жетістікке қарағанда әлдеқайда зор табысқа жете алады. Кеңсе өз жұмысшыларына қауіпсіз, денсаулыққа нұқсан келтірмейтін жұмыс орнын жасауы тиіс. Жұмыс орнында қолайсыз, шиеленіскен жағдай тудыратын іс - әрекетке, ескертпе немесе басқа да мінез - құлыққа жол берілмеуі керек.
Жеке ақпараттар кеңсенің меншігі болып табылады. Оларға кеңсе қызметіне байланысты қаржы, маркетинг және қызмет бабындағы жоспарлар жатады. Бұл ақпарат сіздің, бірге жұмыс істейтін әріптестеріңіздің еңбегінің жемісі, нәтижелер интеллектуалды жекеменшік болып табылады. Осы орайда сіздің кеңсеңіз рұқсатынсыз ондағы ақпараттарды шетке шығармауыңыз, оны сақтауыңыз, сақтаудың барлық шараларын қолданғаныңыздың маңызы зор. Сыртқа шығаруға тыйым салынған кеңсе меншігіндегі ақпараттарды ешқашан сыртқа шығаруға болмайды.
✅Қызметтік қарым - қатынастар. Жаңа қызметкерді ұжымға бастық таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай сіңісіп кетуін іске араластырып, бірнеше күн өткеннен кейін жаңа адам өзін осы ортаның байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек.
Ұжымдағы кейбір адамдардың күрделі қарым - қатынастарын, өзара реніштерін жаңа келген адамға білдіртпеген жөн. Ұжымдағы мүшелердің бір - бірімен қарым - қатынасы олардың арасында қалыптасқан дағдыға немесе өзара жеке қарым - қатынастарына байланысты болады. Мекеме басшысы неғұрлым жас болса, жасамыс қызметкерлер мен әйелдерге сәлем береді. Бөлмеге кіргенде, басшы бірінші амандасады, қызметкерлер орындарынан тұрмай - ақ амандасады. Басшы өз кабинетіне жұмыспен келген әйел қызметкерді тұрып қарсы алмайды. Әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады. Келушінің қызметкерлерді өз жұмысынан алаңдатпауы үшін есікті қақпай кіргені дұрыс. Басшының кабинетіне алдына хатшы болмаса ғана қағып кіруге болады. Басшы қызметкерлеріне есік қағып кіруді ескерткен болса, бұл ережені сақтаған дұрыс. Қызметкерімен немесе келушімен сөйлесіп отырған басшы: іске қатысы жоқ қағаздарды ақтарып кетуден; қайта - қайта телефонменен сөйлесуден; саусақтарымен үстелді тықылдатудан аулақ болғаны жөн. Мемлекеттік қызметшінің әр түрлі кәсіби сұрақтарды шешудегі адалдығы мен әділдігі, қайырымдылығы мен байсалдылығы, әріптестермен өзара қарым қатынаста да, жұмыс барысы немесе жеке мәселемен келген сырт адамдармен қатынаста да маңызды рөл атқарады. Қызметтік этика қазіргі мемлекеттік қызметшінің жеке бас сапасы ретінде ғана емес, оның сапалық қасиетін білдіретін деңгейіне көтереді.
 
Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жетісай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Алданиязов Есенкелди Аширханович.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы