Ынтымақ ауылдық округі Нұрауыл елді мекенінде жалғасын тауып, ауыл тұрғындарының, белсенді азаматтардың, АҚЖ, мемлекеттік, техникалық қызметкерлердің, ардагерлер кеңесі, ауыл билерінің және басқа да азаматтардың қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке барлығы 102 адам, бір техника қатысты. Нұрауыл ауылының тұрғындары өз тұрғын үй аумақтарын тазалап, сенбілікке біргелікте атсалысты. Ауылдың ішінде орналасқан спорт алаңы тазаланып, Асықата-Жетісай аралығындағы үлкен күре жол бойы ретсіз күл-қоқыстардан толық тазартылды. Жол жиегіндегі арам шөптер шабылды. Екі тіркеме қоқыс артылып, арнайы белгіленген орынға шығарылды. Экологиялық акция жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.