Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» ММ
Бұйрық
«27» «03» «2023 жыл» №4н/қ
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Түркістан облысының ветеринария басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мыналдай бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
1) Бөлімдермен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды болдырмау;
2) Бөлімдердің қызметін қозғайтын сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды, оларды болдырмау мен алдын алу бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы төмендегі тізімде бекітілсін:
-Басқарма басшысының м.а. – Тагаев Арман Абаевич;
- Басқарманың бас маман есепшісі – Байтас Фатима Сәлімқызы;
- Эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы - Тагаев Арман Абаевич;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Мырзаханов Нұрсұлтан Асылханұлы;
- Энзоотияға қарсы іс шараларды атқару, қаңғыбас ит мысықтарды аулап жоюды ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің басшысы – Жақып Нұрбол Мұхтарұлы;
4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 01.04.2023-15.06.2023 жылдан кешіктірілмей жүргізілсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқарма басшысының м.а. А. Тағаев
5