
Туризм бойынша негізгі бағыттар: Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету, Түркістан облысын дамыту бағдарламасының туризмді дамыту бағыты бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру, туризмді дамытудың орта мерзімді және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау, туризмді дамыту жөніндегі орта мерзімді іс-шаралар жоспарын іске асыру, туризмнің нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Түркістан облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру; облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу; туризм саласындағы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру, жастар және балалар туризмін, ішкі және әлеуметтік туризм дамытуға жәрдемдесу, туристік фирмалар мен компаниялар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру; туристік қызметтер нарығын талдау, әлеуметтік туризмді дамыту жөніндегі және шараларды әзірлеу балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және әуесқой туризмді дамытуға жәрдем көрсету, туризмді дамыту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау; туризмді дамыту мақсатында облыстың мәдени-тарихи мұрасы мен табиғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану; туристік кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, гид-экскурсия жүргізушілерді, туризм нұсқаушыларын даярлау бағдарламаларын іске асыру, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу; Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету; халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту қоғамдық бірлестіктермен және туризм мәселелері жөніндегі қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау; сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту жөніндегі туристік кластерге қатысушылардың қызметін үйлестіру, шет елдермен ынтымақтастықты кеңейту, өңірлік деңгейде туризм саласына инвестициялар тарту мақсатында шаралар әзірлеу және іс-шараларды ұйымдастыру; облыстың, Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, туризмді дамыту стратегиясын және жергілікті туристік брендті қалыптастыруды қамтамасыз ету, облыстық туристік өнімді және туристік брендін халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерде жылжыту, облыс бойынша туристік маршруттардың карталары мен схемаларын, туристік әлеуеті туралы туристік жолсілтемелер мен жарнамалық-ақпараттық анықтамалықтарды әзірлеу және шығару,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа ісін ұйымдастыру, басқарманың интернет-порталдары мен сайттарының, мобильді қосымшасының жұмыс жасауын қамтамасыз ету; облыстың туристік-рекреациялық әлеуетін зерделеу және туристік маршруттарды әзірлеу жөніндегі экспедицияларды ұйымдастыру және өткізу, облыстың туристік брендіне сәйкес келетін халық қолөнерін дамытуға, кәдесый өнімдерін шығаруға жәрдемдесу, облысымызға тән этнографиялық мәдениетті, халық дәстүрлерін жаңғырту мен дамытуға жәрдемдесу.