Сауран ауданында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорттық нысандардың саны артып келеді. Сондай спорт кешендерінің бірі Шорнақ елді мекенінде бой көтеріп жатыр. Спорт кешінінің жалпы сыйымдылығы ауысымына 136 адамды қамтиды. Екі қабатты спорт кешенінің бірінші қабатында 80 адам, оның ішінде ойынға арналған спорт залында ауысымында 48 адам жаттыға алады. Екінші қабатында орналасқан спорт алаңы бір ауысымында 56 адамды қамтымақ. Спорттық жарыстарды тамашалау үшін 70 орындық жанкүйерлерге арналған орын бар. Спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл орталық келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған және бапкерлер мен медбикелерге арналған арнайы бөлмелермен қамтамасыз етілген. Жалпы, 1 гектар жерге орналасқан спорт кешінінің құрылысын «Дос и К сервис» ЖШС жүргізуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерлері бірінші ауысымға оқушылар қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте жоғарыда аталған лагерлерде 2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберілді. Сондай-ақ Түлкібас пен Төлебидегі лагерлерде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Тәртібі бойынша мектепішілік және полиция есебінде тұратын оқушылар Төлеби ауданында орналасқан «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагермен қамтылады. Жаз айларында 266 оқушы басқа облыстардағы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде тынығады. Бірінші ауысым 1-10 маусым аралығында, ал екіншісі 12-21 маусым аралығында, сонымен қатар үшінші ауысым 23 маусым мен 2 шілде аралығында жұмыс істейді. Осылайша, биылғы жаз айының алғашқы айында 7 мыңнан астам бала демалады деп күтілуде. Жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Балалар әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін демалса, қалған оқушылар ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста жалпы 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Жалпы жаз мезгілінде Түркістан облысында 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 22-сі –жекеменшік. 1-3 маусым аралығында 10 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің рұқсатын алып, жұмыстарын бастады. Олардың қатарында Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан», «Көктөбе-1», «Көктөбе-2», «Қуаныш», «DELVE CAMP», Төлеби ауданындағы «Көктөбе», «Қуаныш», Сайрам ауданындағы «Болашақ», Мақтаарал ауданындағы «Толағай», Шымкент қаласындағы «Гавая» лагерлері бар. Барлық 31 маусымдық жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы маусым айына жоспарланған. Маусым айының 10-на дейін 15 жазғы сауықтыру лагері ашылады деп күтілуде. Олар – Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы», Кентау қаласындағы «Urker», Төлеби ауданындағы «Алатау», «Изуми тау», «Тау шыңы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауыл лагері», «Бәйшешек», «Айнабұлақ», Түлкібас ауданында «Отырар», «Лок-Машат», «Арман», Қазығұрт ауданында «Тұрбаза-Қазығұрт», «Мейіржан», Сарыағашта «Балдаурен», Сауран ауданында «Балауса» лагерлері. Қалған 6 лагерь маусым айының 15-не дейін ашылады деп жоспарлануда. Бұған қоса барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектептерде бір мезгілгі тамақпен 53 мың бала сауықтырылуда. Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар өңірде мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын 350 лагерь және 648 ойын алаңшасы балалар үшін қызмет көрсетеді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 108 мың оқушы көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына көмекші ретінде қатысады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуалдық білім беру шеңберінде тартылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сегодня в Туркестане состоялась встреча ученых, ученых и представителей интеллигенции. Данное собрание организовано к 31 мая – Дню памяти жертв политических репрессий и массового голода. Перед встречей гостей принял заместитель акима области Бейсенбай Тажибаев. В своем выступлении он передал приветствие главы региона и отметил, что работа в этом направлении будет продолжена. Затем он был модератором в большой аудитории. С докладом выступил писатель, доктор филологических наук Турсын Журтбай. Он рассказал о деятелях Алаша. Президент благотворительного фонда имени Назира Торекулова, почетный академик Национальной академии наук Жаппар Жуман подробно рассказали о первом дипломате. После того, как ученые из Астаны, кандидат филологических наук Акжол Калшабек выступил с речью, поделился новой информацией этих времен, презентовал свою недавно вышедшую книгу. А старший преподаватель ЮКПУ им. Узбекали Жанибекова, кандидат исторических наук Бахадыр Айтай доложил о ходе исследования в соседней узбекской стране. Кандидат исторических наук, доцент Ляззат Динашова, приводя в пример данные, найденные в архиве, отметила, что эти шаги делаются не просто для отчета, а для будущих поколений. Затем выступила руководитель Государственного архива общественно-политической истории Туркестанской области Гульнара Шардарбекова, которая презентовала проводимую работу. На встрече в здании «Дворца школьников» приняли участие молодежь региона, представители различных сфер и члены областной региональной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий. В конце встречи участники задали различные вопросы и получили исчерпывающие ответы. Заместитель акима области отметил, что озвученные предложения и поднятые вопросы будут приняты во внимание. Также поблагодарил присутствующих и гостей. В соответствии с постановлением акимата Туркестанской области от 14 января 2021 года №6 создана и ведется работа региональной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий и специальной рабочей группы в количестве 63 человек. Всего в документе по всем категориям обнаружены данные 6193 человек. Установлено, что они не оправданы в правовом отношении и представлены к оправданию. Пресс-служба акима Туркестанской области
Бүгін Түркістанда ғалымдар, алаштанушылар және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған жиын. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған. Кездесу алдында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қонақтарды қабылдады. Ол өз сөзінде өңір басшысының сәлемін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай да жалғасатынын атап өтті. Содан соң үлкен аудиторияда модератор болды. Алдымен сөз алған жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай баяндама жасады. Алаш қайраткерлері туралы ой қозғап, жастардың жігерін жаныды. Нәзір Төреқұлов атындағы қайырымдылық қорының президенті, Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Жаппар Жұман тұңғыш дипломат жайлы кеңінен баяндады. Астанадан келген ғалымдардан соң, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек сөз алып, нәубет жылдар төңірегінде тың ақпаратпен бөлісіп, жақында шыққан кітабын таныстырды. Ал Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай көрші өзбек елінде жасалған зерттеу барысын баяндады. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Динашова архивтен табылған деректерді мысалға келтіре отырып, бұл қадамдардың жай есеп үшін емес, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқанын атап өтті. Содан соң Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнара Шардарбекова сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткен кездесуге өңір жастары, түрлі сала өкілдері және облыстық Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері қатысты. Кездесу соңында қатысушылар түрлі сұрақ қойып, мардымды жауап алды. Облыс әкімінің орынбасары айтылған ұсыныс-пікірлер мен көтерілген мәселелер назарға алынатынын жеткізді. Сондай-ақ келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Айта кетсек, Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №6 қаулысына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия және 63 адамнан құралған арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыстарын жүргізуде. Барлық категория бойынша құжатта жалпы 6193 адамның дерегі табылған. Олардың құқықтық тұрғыда ақталмағандығы анықталып, ақтауға ұсынылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Кентау қаласында саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қаза елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті. Жиын ұлтын ұлықтаған ұлының ескерткішінде еске алу шарасынан басталып, Алаш арысының рухына тағзым етілді. Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Сұлтанбек Қожанов және ұлттық мемлекет құру идеясы: тарихы мен бүгінгі тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбектанушы Хазретәлі Тұрсұн жүргізіп отырды. Ғылыми конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, докторанттар мен жалпы білім беру мекемелерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Сұлтанбектанушы,профессор Хазретәлі Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қабланова, философия (Phd) ғылымдарының докторы Саян Шылмамбетов, оқытушы Алғабек Қабыл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ докторанты Жамелов Бағлан баяндама жасап, ұлт жанашырының өмірі, тарихы жайында пікірлер айтылды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды. Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда бірқатар елазаматтарына қала әкімі Жандос Тасов «С.Қожановқа 130 жыл» төсбелгісімен марапаттады. Жиынның жалғасы тұғыры биік тұлғаның 130 жылдық мерейтойына арналған дастарханға ұласты. Дастархан басында Алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары, елағаларыда С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30-мамыр күні Түлкібас аудандық халықтық кеңседе "Халық заңгері" атты кең ауқымды республикалық акциясы өтті. Жобаның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына: аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және т.б. тегін заңгерлік көмек көрсету Қазақстанның барлық ірі қалаларында Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. "Халық заңгері" шарасына белгілі заңгерлер, нотариустар, прокурор, полиция қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысы әкімінің бірініш орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кезекті рет өзінің жетекшілік ететін салалары бойынша облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда сан түрлі мәселе айтылды. Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, шалғай орналасқан елді мекендерді табиғи газбен және ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді. Созақ ауданынан келген азамат ауылға табиғи газ жеткізу жұмыстары тоқтап қалғанына шағымданды. Бұл мәселе бойынша мердігер мекемеге тиісті тапсырмалар беріліп, ескерту жасалды. Қазіргі таңда қондырғылар мен қажетті жабдықтар Шымкент қаласы мен Ресей елінен алып келінуде. Зұлпыхар Жолдасов жауапты тұлғаға зауыт иелерімен тікелей байланыс орнатып, жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бәйдібектік жалғызбасты ана, Саурандық азаматша отбасына және Түркістан қаласының тұрғыны мүгедек әпкесіне баспана беруді сұрады. Азаматтарға тұрғын үй тек заң аясында кезек реттілігімен берілетіні және арендалық үйді жалдау ақысының жартысын мемлекеттен төлеу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді. Ал, Түркістандық зейнеткер ана мүгедек баласының ипотекалық тұрғын үй алғанын айтып, бастапқы жарнаны төлеуге мемлекет тарапынан сертификат алуға ықпал жасауды сұрады. Азаматшаға тұрғын үй алмай тұрып, сертификат алуға өтінім жолдау керек екені түсіндіріліп, мәселені шешу жолдары қарастырылатыны айтылды. Саурандық көпбалалы ана меншігіндегі бос жеріне үй салуға материалдық көмек көрсетуді сұрады. Жетісайлық депутат таза ауыз су, трансформатор, мемориалдық ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ауданды екіге бөлу мәселелерін қозғады. Бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Ауыз су нысанына фильтр қойылады. Тұрғындарды сапалы электр желісімен қамту үшін бюджеттен қаржы қаралды. Тағы бір Жетісайлық тұрғын өзіне және қызына мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруды және кәсіпкерлік бойынша грант алуға ықпал етуді сұрады. Азаматшаға бос жұмыс орындары ұсынылатыны айтылып, грант алу жолдары түсіндірілді. Саурандық азаматша кредит жабу және кәсіпкерлік қайтарымсыз грант алу мәселесін көтерді. Одан бөлек, заңсыздық, өзге тұлға тарапынан қысым көру туралы шағымдар айтылды. Бұл бойынша өтініш иелерінен жазбаша арыз алынып, құзырлы органдарға жолданатын болады. Барлық тұрғындардың көтерген мәселелері хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Тапсырмалардың орындалу барысы Зұлпыхар Жолдасовтың бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл наурыз айының соңында жас суретшілердің «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауы Түркістанда ұйымдастырылған болатын. «Атадан –мұра» қоғамдық қорының бастамасымен өткен аталмыш сайыста бүлдіршіндердің, мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің шеберліктері шыңдалды. Байқау барысында Сайрам ауданындағы М.Оразалиев атындағы №41 мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Нұрланқызы «Бейнелеу өнері» номинациясымен марапатталып, Астанада өткен «Атадан – мұра» қорының республикалық байқауларының суперфиналына, одан кейін Түркия еліндегі халықаралық байқауға жолдаманы жеңіп алған еді. Міне, арада бір ай өткенде Каусар Нұрланқызының жарыс жолы Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында жалғасты. Әлемнің күллі елдерінен қатысқан қылқалам шеберлері сайысында оның салған суреті үздік саналды. Нәтижесінде «Дарынды жұлдыздар» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ipek yolu» халықаралық балалар фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры жазушының «Қайдасың, Гауһар?» шығармасын сахналады. Екі күн қатарынан өткен премьераға келген қала тұрғындары мен қонақтар драманы жылы қабылдап, ризашылығын білдірді. Театр директоры Орал Камал шара соңында сөз сөйлеп келген көрерменге алғыс айтты. Сондай-ақ жаңадан ашылған камералық қойылымдарға арналған залдың ерекшелігіне тоқталды. 150 адамға шақталған кіші залда бұдан бөлек моно-спектакльдер және балаларға арналған ертегілер сахналанады деді театр басшысы. Хикаят инсценировкасын жасаған және сахнаға дайындаған – Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, режиссер Шағуан Үмбетқалиев. Спектакльде соғыс кезіндегі бір бозбаланың басынан кешкен махаббат хикаясы баяндалады. «Ит жоқта шошқа үрген» заманда басты кейіпкер Жәнібек тоғызыншыны бітіріп, мұғалімдік қызметін бастайды. Ауылдасы Жақан екеуін Алматыға 1 айлық оқу курсына жібереді. Ол кезде ауылдан келетіндердің жайы белгілі. Алматы сияқты алып шаһарда өмір сүру үшін жекжаттыкі болса да бір үй табу керек. Міне, сол үй – Жақанның немере жеңгесі Майра апайдың үйі. Үйге орналасқан соң соң, олардың қалай базар аралағаны, қыздарға қалжыңдасқаны сөз болады. Жәнібек Гауһар есімді бойжеткенмен танысады. Екеуінің араларындағы қимастық сезім махаббатқа ұласады. Бірақ соғыс, елдегі қиын ахуал екеуін табыстырмайды. Жәнібек сол күйі сүйгенін жоғалтып алады. Жүректе сағыныш, өкініш табы қалады. Драма соңында көрермен қауым пікір білдіріп, өзі де қимас жаннан айырылып қалғандай күй кешкенін жеткізді. Заман тарлығы махаббатқа да тұсау салғанын іштей сезініп, көңіл күйі алабұртып, өзгеше әлемге бой ұрғанын жасырмады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Туркестанская область лидирует в газификации населенных пунктов страны. В пересчете на численность населения природным газом охвачено около 1 млн 750 тыс. населения или 81,5% населения области. Это 28,4 процента от общего показателя в стране. То есть каждый третий поселок, охваченный газом, находится в Туркестанском регионе. В этом году подключат к природному газу 75 тысяч населения. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды поручил усилить работу в этом направлении. Кроме того, под пристальным наблюдением акима области за последние десять лет была проведена масштабная работа по вводу в эксплуатацию объектов, строительство которых приостановлено. В результате введено около 40 проблемных объектов, начаты строительные работы в 35 населенных пунктах. А на полпути решена проблема с 4 газораспределительными станциями по оставшейся «бородатой» застройке. За 1,5 года 100 тысяч населения достигли газа, которого ждали годами. - Работа в этом направлении не прекращается. В целях создания благоприятных условий для жизни населения работа по обеспечению природным газом дает свои результаты. Сотрудничайте с акиматами районов, городов, – сказал аким области акимам районов и городов, поручив подключить к газу дома сел. Работы по обеспечению населения региона природным газом ведутся поэтапно. По словам руководителя управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Туркестанской области Руслана Муздыбекова, в 2024 году на строительство 86 объектов выделено 12,2 млрд тенге, из них строительство 48 объектов (44 н.п., 7 газопроводов 1 АГТС, 74 917 населения) будет завершено в 2024 году. Остальные 38 объектов перейдут на 2025 год. В результате показатель газоснабжения жителей Туркестанской области достигнет 84,9%. В целях обеспечения населенных пунктов области 100% природным газом «План мероприятий по обеспечению природным газом по Туркестанской области на 2023-2027 годы» утвержден акиматом области. Согласно плану, 319 населенных пунктов области (469,6 тыс. населения) будут обеспечены природным газом в 2027 году. В целом, работа по газификации населенных пунктов будет продолжена на постоянном контроле и систематически. Пресс-служба акима Туркестанской области
Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Одан бөлек, облыс әкімінің жіті қадағалауымен, соңғы он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді. – Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында табиғи газбен қамту жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр. Аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеңіздер, – деген облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне газ барған ауылдардың үйлерін газға қосуды тапсырды. Өңір тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің айтуынша, 2024 жылы 86 нысанның құрылысына 12,2 млрд.теңге бөлініп, оның ішінде 48 нысанның (44 е.м., 7 жеткізуші газ құбыры 1 АГТС, 74 917 халық) құрылысы 2024 жылы аяқталады. Қалған 38 нысан 2025 жылға өтпелі. Нәтижесінде Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» облыс әкімдігімен бекітілді. Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекенді (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Жалпы, елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда және жүйелі түрде ары қарай жалғасатын болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан индустриалдық аймағында орналасқан өндірістік ғимараттар (браунфилд) құрылысы аяқталып, толықтай іске қосылды. Аталған өндірістік ғимараттарда жиһаз және шұлық цехтары жобалары іске асырылған. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. 30 гектар жерде орналасқан жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын аймақта 42 ғимарат орналасады. Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды. Қосымша 70 га жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарлануда. Маңызды мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрғалығымен өткен жиналыста талқыланды. Облыс әкімі кәсіпкерлердің қолжетімді алаңдардың арқасында бизнесін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алатын өндірістік парктерді құру жобасының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейді тапсырды. «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, жұмсалған бюджеттік 1 теңгеге 7 теңге инвестиция тартылу күтілуде. Құрылыс 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңге тартылатын инвестиция көлемі - 31 млрд теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйымдастырылатын болады. Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алда тағы 32 ғимарат салынады. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңгені құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Өндірістік парктің аумағында «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорны жұмысын бастады. Сондай-ақ «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарып жатыр. Мұнда, украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда. Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарда кәсіп бастауға дайын. Өндірістік парктерді аудандарда салу жоспарланған. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Бадам индустриалды аймағында инфрақұрылым тартылған 12 ғимарат салынбақ. Сондай-ақ Шұбар ауылы маңында да салу жоспарда бар. Сайрам ауданында өндірістік парк көлемі 90 гектардан аспақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі