- Бөлім жұмысын ұйымдастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалар мен іс-шараларды іске асыруды ұйымдастырады;
- Бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді;
- Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын және су қорғау жобаларын жоспарлауға бөлінетін қаржылардың мақсатты және толық пайдаланылуын бақылау, мердігерлермен жасасқан келісім-шарттардың орындалу барысын және орындалған жұмыстардың актілері мен есептерін дер кезінде тапсырылуын бақылайды;
- Коммуналдық қалдықтарды пайдалану мақсатында полигон жерлерін көркейту және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады және қадағалайды;
- Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітуге қатысады;
- Басқарма құзырындағы мәселелер бойынша бөлім қызметкерлері мен орындаушыларға әдістемелік жәрдем ұйымдастырады;
- Бөлім құжаттарының орындалуын, бағыныстағы қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінің орындалуына бақылау жүргізу;
- Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларды және жоспарларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, табиғатты қорғау обьектілерін қалпына келтіру және реконструкциялау (рекультивация) жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындайды;
- Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асырады.