
Төлепов Мұхтар Ақжігітұлы, 25 тамыз 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2009 жылы 13 шілдесінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, «Оңтүстік Ұстаздары» газетінде экономист-бухгалтер болып бастаған.
14.09.2012-17.01.2013 жылдар аралығында Арыс қаласы әкімінің аппараты оператор (ауысу тәртібімен);
17.01.2013-28.05.2013 жылдар аралығында Арыс қаласы әкімінің аппаратында қала әкімінің көмекшісінің міндетін атқарушысы(ауысу тәртібімен);
29.05.2013-27.12.2017 жылдар аралығында Арыс қаласы әкімі аппаратының әкім көмекшісі (ауысу тәртібімен);
27.12.2017-23.01.2019 жылдар аралығында Арыс қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы (ауысу тәртібімен);
24.01.2019-14.12.2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (ауысу тәртібімен);
14.12.2020-11.06.2021 жылдар аралығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы (ауысу тәртібімен);
11.06.2021-16.07.2021 жылдар аралығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының этносаралық қатынастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (ауысу тәртібімен);
16.07.2021-03.11.2023 жылдар аралығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (ауысу тәртібімен);
03.11.2023-25.12.2025 жылдар аралығы жалпы конкурс негізінде Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы.