2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында аудандар мәслихаттарының депутаттығына Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс 

 сайлауында аудандар мәслихаттарының депутаттығына 

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын

 шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

 

       

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 290 000 (екі жүз тоқсан мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың   үгіт материалдарын шығаруға – 130 000  (жүз отыз мың) теңге;

3) көліктік шығыстарға - 80 000  (сексен мың) теңге.

  1. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін. 
  2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының аудандар  мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.




Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


Ш.Өтемісов

 

 

 

Астана қаласы

2026 жылғы 26 қазан

№ 66/115

 

Жарияланған күні

26 қазан 2026 21:44

Жаңарту күні

26 қазан 2026

Бағыттар