Маманов Серік Сахиұлы
Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Маманов Серік Сахиұлы 16 мамыр 1982 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2007 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте үйірме жетекшісі болып бастап, 2005-2008 жылдары Созақ аудандық білім бөлімі әдіскерлік кабинетінің әдіскері, 2008-2011 жылдары Т.Әлімқұлов атындағы №14 лицей интернатында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, 2011-2018 жылдары Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-нің басшысы, 2018-2021 жылдары Сызған ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» МКК директоры, 2022-2023 жылдары Таукент кентінің әкімі, 2023 жылдың желтоқсан айынан 2026 жылдың қараша айына дейін Созақ ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Мансап
Өмірдерегі
Маманов Серік Сахиұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы
5.1. Аудан әкімі аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды жасап, аудан әкіміне береді;
5.2. Аппаратта, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді еңбек заңнамаларына сәйкес жұмысқа қабылдауды, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу, босатуды және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5.3. Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды;
5.4. Аудан әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін жасайды және аудан әкіміне шешім, өкім және басқа материалдарды дайындап береді;
5.5. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды, оны әділет органдарында тіркеуді, ресми жариялануын бақылауды және тіркелген актілерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.6. Аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, саяси партиялар және қозғалыстармен, басқа қоғамдық және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді;
5.7. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
5.8. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерге қатысады;
5.9. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері туралы ережелердің және аппарат қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын алдын ала аудан әкімінің орынбасарларымен келісіп қарайды және аудан әкіміне бекітуге енгізеді;
5.10. Аппарат басшысының құзыреті шеңберіндегі қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;
5.11. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін іс-сапарларға жібереді;
5.12. Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5.13. Аппарат және аудандық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс және аудан әкімі өкімдері мен шешімдерінің, облыстық және аудандық әкімдіктер қаулыларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
5.14. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес сайлау жұмыстарын ұйымдастырады;
5.15. Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын үйлестіреді;
5.16. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін толыққанды қолдануға жауапты болады;
5.17. Еңбек қатынастары мәселелері бойынша қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешу;
5.18. Бекітілген регламентке және ережелерге сәйкес ауылдық округтері, кенттері әкімдерінің, аудан әкімдігінің бөлімдерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
5.19. Аудан әкімі аппаратының, аппараттың құрылымдық бөлімдерінің, ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың, ауылдық округтері мен кенттері әкімі аппараттарының қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
5.20. Кадрлық мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Кадрлар резервін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік наградаларға ұсыну жұмыстарын жүзеге асырады;
5.21. Құжаттамамен қамтамасыз етудің орындалуын бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, аудан әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
5.22. Іс-жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді;
5.23. Азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді;
5.24. Сайлау мәселелері бойынша тиісті шараларды ұйымдастырып, аудан әкіміне баяндайды. Хаттар мен ұсыныстарға, өтініштерге өз құзіреті шегінде қарап, жауап береді.
5.25. Дене шынықтыру және спорт мәселелері;
5.26. «Дене тәрбиесі және спорттық іс-шаралар» бағдарламасын жүзеге асыру, спорт саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру.
Мына мекемелердің жұмысын үйлестіреді:
- Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі;
- Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» КММ
- Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» КММ
Аудан әкімі аппаратындағы мына құрылымдық бөлімдерінің:
- Ұйымдастыру - инспекторлық бөлімі;
- Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі;
- Құжаттандыруды қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімі;
- Заң бөлімі;
- Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі;
Мыналардың:
- Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын иеленуге конкурс өткізу жөнінідегі комиссия;
- Бағалау жөніндегі комиссия;
- Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия;
- Тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларының құжаттарының тиісті заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды, аталған комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.