Созақ ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ
Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 69 және
Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 80
«Созақ ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту
туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 69 және Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 80 «Созақ ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4051 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3)-тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
1) Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасына (шегіне) Теріскей елді мекеннің 478 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1602 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Созақ ауылдық округінің Созақ елді мекенінің шекарасына (шегіне) Шақырық елді мекеннің 203 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Созақ ауылдық округінің Созақ елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1223 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Құмкент ауылдық округінің Құмкент елді мекенінің шекарасына (шегіне) Қызылқанат елді мекеннің 157,5 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Құмкент ауылдық округінің Құмкент елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 432,7 гектар шекарасында белгіленсін.
- Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысының және Созақ аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысы және Созақ аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Созақ ауданының әкімі
|
М. Турысбеков
|
|
Созақ аудандық мәслихатының төрағасы
|
О. Жәмиев
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 24.06.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 6539-13 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "Аппарат маслихата Созакского района" - Главный специалист Багдат Болатбекович Уалиев, 20.06.2024 17:52:42, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
ГУ "Аппарат маслихата Созакского района" - Председатель Созакского районного маслихата Ордабек Мырзабекұлы Жәмиев, 20.06.2024 17:53:25, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
ГУ "Аппарат акима Созакского района" - руководитель отдела Улжан Жаксылыковна Шекеева, 20.06.2024 18:13:57, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
6