GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Документы
Аппарат акима
Деятельность
Контакты
Онлайн-приемная
Все материалы
Культура
31 мая 2024
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!

31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалаған. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялыларын, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.
Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс.
31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.

Культура
17 мая 2024
«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА

ЖҮЙНЕКТЕ «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ –
ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА (ЖИЫН) ӨТТІ.

Бүгін «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында Жүйнек ауылдық округінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Сейлхан Ыбыханұлы, Сауран аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай Жолданбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Раматуллаев Арсылан Серікұлы және Жүйнек ауылдық округ әкімі Абдікарімов Төребай Асқарұлы қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты Сауран ауданында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайту, этносаралық кикілжіңдердің алдын-алу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.
Баяндамашылар қоғамды демократияландыруды тереңдету, оны топтастыру, азаматтық татулықты, тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігін, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бағытында баяндама жасады.
Жиналыс соңында тыңдаушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, жұмыс жалғасатын болады.

Социальная сфера
13 мая 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жүйнек ауылдық округі әкімдігінің мамандары "Жетікөл" көл аумағына және Жүйнек ауылындағы қоғамдық қызметкерлер ауыл ішіндегі көше бойларымен арық-атыздарын шөптен, күл үйінділерінен тазарту жұмыстарын жүргізді.
Тазалық бар жерде – береке бар.Тазалық жұмыстары – көптің ісі!
Олай болса, көп болып ауылдың тазалығын сақтайық!

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы