СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗГЕН ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Жарияланған күні: 03 наурыз 2026

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы су тапшылығынан қиындық көрген өңірлерді қолдау мақсатында жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Компания су үнемдеу технологиясын енгізетін шаруа қожалықтарына жеңілдетілген несие бөліп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Түркістанда өткен алқалы жиында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері сөз болды. Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктерін түсіндірді.