САРЫАҒАШ: ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Дата публикации: 24 февраля 2025

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. «Дәулет есіктен – ақыл бесіктен», – демекші, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Осындай ынтымағы жарасқан үлгілі отбасы -  Сыдықовтар әулеті. Тегісшіл ауылының өнегелі әулеттің арқасүйері Сәруар Сыдықов ауған соғысының ардагері, аяулы әже Зиба  Түктібаева 40 жылдан аса оқушыларды білім нәрімен сусындатқан зейнеткер ұстаз. Арда азаматтардың отандасқанына 43 жылға жуықтаған. Тамырын тереңге жайып, мәуелі бәйтеректей болған отбасы 12 немеренің қызығын көруде. Әулеттің көшбасшысы Сәруар Сыдықов отбасының іргесі берік қалануы үшін адал еңбекті басты құндылыққа айналдыру керек дейді. Ал уйдің берекесі де мерекесі аяулы алақан ресі Зиба Түктібаева ұл тәрбиесіне қатысты өз ойымен бөлісті. Сыдықовтар шаңырағында бүгінде 3 келін бар.

Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленген. Отан отбасынан басталады дейді халқымыз. Егер әрбір отбасында тыныштық пен татулық, достық, сыйластық қарым-қатынас орнаса, ол отбасы берекелі де мерекелі отбасыға айналары сөзсіз.

Бағдарламаның толық нұсқасы: https://youtu.be/AgYtmjcgk64?si=s961BcXWNRahSsUv

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспсөз қызметі