GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
Аппарат акима
Онлайн-приемная
Все материалы
СФЕРА ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ
16 октября 2026
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Зорлық-зомбылық – ешқашан мәселенің шешімі емес. Отбасы – мейірім мен өзара құрметке негізделген, әр адам өзін қауіпсіз сезінетін орта болуы тиіс.

Құрмет, түсіністік және жауапкершілікке негізделген отбасы – берекелі қоғамның берік тірегі.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамай, оның алдын алуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Үнсіз қалмау, көмекке мұқтаж жанға қолдау көрсету – ортақ жауапкершілік.

Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның бастауы!
Бірге зорлық-зомбылықсыз, өзара құрмет пен сенімге негізделген қоғам қалыптастырайық!

#ЗаңМенТәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

СФЕРА ИНФРАСТРУКТУРЫ
15 октября 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Таңғы сағат 09:00-де басталған сенбілікке аудан әкімі Арман Абдуллаев, қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен бөлім қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жол бойлары мен елді мекендердің ішкі көшелері тазартылып, бейберекет тасталған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар шөптер шабылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тазалық сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау.
#ТазаҚазақстан

СФЕРА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
13 октября 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БЕЛАРУСЬ МАМАНДАРЫМЕН БІРЛЕСІП, 9 ОТА ЖАСАДЫ

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Беларусь Республикасынан келген жетекші мамандармен бірлесіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 9 күрделі ота жасады.

Халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік мамандар кішкентай пациенттерге консультациялар беріп, отандық дәрігерлермен бірге операцияларға қатысты. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Беларусь делегациясының құрамында Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юрий Линник, №3 анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Виктория Назарова, балалар кардиологы және кардиопатологиясы бар балаларды күту бойынша маманданған медициналық мейіргерлер болды.

Бірлескен оталар жергілікті дәрігерлердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, заманауи емдеу әдістерін меңгеруге және балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті өз өңірінде алу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Сапар BI Group құрылыс компаниясының BI-JULDYZAI корпоративтік қайырымдылық қорының «Мүмкіндік» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты — күрделі оталар мен білікті мамандардың консультацияларын балаларға елімізде қолжетімді ету.

Мұндай халықаралық ынтымақтастық балалар кардиохирургиясын дамытуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және отандық мамандардың тәжірибесін байытуға мүмкіндік береді.
___

ВРАЧИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТНОЙ ДЕТСКОЙ БОЛЬНИЦЫ СОВМЕСТНО С БЕЛОРУССКИМИ СПЕЦИАЛИСТАМИ ПРОВЕЛИ 9 ОПЕРАЦИЙ

С 5 по 9 октября врачи Туркестанской областной детской больницы совместно с ведущими специалистами из Республики Беларусь провели девять сложных операций детям с врожденными пороками сердца.

В рамках международного сотрудничества зарубежные специалисты проконсультировали маленьких пациентов и вместе с отечественными врачами приняли участие в операциях. Кроме того, в целях обмена опытом и повышения квалификации местных специалистов были организованы мастер-классы.

В составе белорусской делегации - заведующий отделением детской кардиохирургии Республиканского научно-практического центра детской хирургии города Минска Юрий Линник, заведующая отделением анестезиологии и реанимации №3 Виктория Назарова, детский кардиолог и медицинские сестры, специализирующиеся на уходе за детьми с кардиопатологией.

Совместные операции способствуют совершенствованию профессионального опыта местных врачей, освоению современных методов лечения и расширению возможности получения высокоспециализированной медицинской помощи детьми в своем регионе.

Визит организован в рамках проекта «Мүмкіндік» корпоративного благотворительного фонда BI-JULDYZAI строительной компании BI Group. Цель проекта - сделать сложные операции и консультации квалифицированных специалистов доступными для детей внутри страны.

Подобное международное сотрудничество позволяет развивать детскую кардиохирургию, повышать качество медицинской помощи и обогащать опыт отечественных специалистов.

СФЕРА ПО СОЦИАЛЬНЫМ ВОПРОСАМ
СФЕРА ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ
12 октября 2026
Нашақорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл – қоғамның қауіпсіздігі мен ұлт саулығын қорғауға бағытталған аса маңызды бағыт.

Есірткі айналымы тек қылмыстық құқықбұзушылық қана емес, ол тұтас әлеуметтік дертке айналып отыр.
Бұл мәселенің алдын алуда құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы, жастар арасында түсіндіру және алдын алу шаралары, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау ерекше рөл атқарады. Әсіресе синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таралуы қоғамның барынша қырағы болуын талап етеді.
Әрбір ата-ана, ұстаз және азамат жастарды дұрыс жолға бағыттап, олардың бос уақытын пайдалы істерге жұмсауына ықпал етуі қажет. Спорт, білім және мәдени құндылықтар – есірткіге қарсы ең тиімді балама.
Есірткісіз қоғам – қауіпсіз болашақтың кепілі. Заң мен тәртіпті сақтай отырып, ортақ күшпен ғана бұл қауіпті дертке тосқауыл қоя аламыз
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

СФЕРА ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ
09 октября 2026
ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ!

Достық – адамдарды жақындастыратын, ал келісім – қоғамды біріктіретін құндылық.
Бір-бірімізді құрметтеп, түсіністік пен татулықты сақтай білейік. 🌿
💙 Бірлік бар жерде – береке бар!
🤝 Достық бар жерде – қуаныш бар!
🌍 Келісім бар жерде – жарқын болашақ бар!

СФЕРА ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ
05 октября 2026
Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР АПТАДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Түркістан облысында «Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру мақсатында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібін қадағалау бағытында жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту бойынша 282 дерек тіркелді.
Қарсы бағытқа шыққан 25 жүргізуші анықталды. Мас халде көлік құралын басқарған 31 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеген 172 жүргізуші анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализм фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ түнгі уақытта ұйымдастырылатын заңсыз автожарыстарға тосқауыл қою бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Бұдан бөлек облыс аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

СФЕРА ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОГО И КУЛЬТУРНОГО ПРОСВЕЩЕНИЯ
30 сентября 2026
Алкоголизмнің алдын алу

Алкогольге тәуелділік – адамның денсаулығына, отбасына және қоғамға кері әсер ететін күрделі мәселе. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту – жарқын болашақтың кепілі.

Өмірді таңдаңыз, тәуелділіктен бас тартыңыз!

СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ОТРАСЛЬ
29 сентября 2026
Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды

Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

Оның айтуынша, науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде. Еліміздегі жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі.

2024 жылдан бастап майлы дақылдар 2,2 млн гектарға ұлғайтылды, содан бергі екі жылда жүгеріге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қосымша 120 мың гектар бөлінді. Жалпы құрылымдағы майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.

«Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды, орташа өнімділік – гектарынан 14,7 центнер. Осы кезеңде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп болжануда, бұл ішкі нарықты астықпен, жем-шөп пен тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді», – деп баяндады Азат Сұлтанов.

СФЕРА ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОГО И КУЛЬТУРНОГО ПРОСВЕЩЕНИЯ
28 сентября 2026
ДостықПенКелісім

Достық пен келісім – бірлік пен татулықтың берік негізі. Бір-бірімізді құрметтеп, түсіністік танытып, мейірімділікпен әрекет ету арқылы қоғамымызды одан әрі нығайтамыз. Бірлік бар жерде – бейбіт өмір, өзара сыйластық пен жарқын болашақ бар. Татулықты бірге сақтап, достықты бірге дәріптейік!
#ДостықПенКелісім

24 сентября 2026
Тазалық
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы