GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
Аппарат акима
Онлайн-приемная
Все материалы
27 февраля 2026
ҰЛТ САУЛЫҒЫ КОНСТИТУЦИЯМЕН ҚОРҒАЛАДЫ
Жаңа Конституция нормаларын түсіндіру жиыны бүгін Төлеби ауданы, Леңгір қалалық емханасында өтті. Ұжыммен кездесуге Жалпыұлттық коалицияның өкілдері – Парламент Сенатының және Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері арнайы келді. Медицина қызметкерлерімен ашық диалогта денсаулық сақтау саласының дамуы мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі екеніне баса мән берілді.
Кездесуде қоғамның таңдауына ұсынылған жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтудың және халық денсаулығын сақтаудың маңызды құқықтық нормалары қамтылғаны айтылды.
«- Дәрігердің еңбегі адамға қамқорлық көрсетуге арналған жауапкершілігі жоғары, миссиясы биік қызмет. Конституцияның жаңа жобасы адамға бағдарланған ең маңызды құжат. Онда адамның өмірі, құқықтары мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Ата заңның 29-бабында әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға құқығы бар екені және заңда белгіленген кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқығы бекітілген. Бұл норма халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына конституциялық негіз қалайды», - деп атап өтті өз сөзінде Парламент Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек.
Жаңа Конституция жобасындағы азаматтарға кепілдендірілген басқа да құқықтық нормалар туралы Сенат депутаттары Әли Бектаев, Алишер Сатвалдиев қосымша мағлұматтар берді. Соның ішінде Негізгі заңның 28-бабында көзделген азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқықтары жан-жақты айтылды. Ата заңда көзделген бұл нормалар Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін айшықтай түсетіні мәлімделді.
Коалицияның өңірлік ақпараттық-насихаттық тобының жетекшісі Полат Тұрсынбаев жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияны дамытуға ерекше мән беретініне тоқталды. Денсаулық сақтау жүйесінің сапалы жаңғыруы – ұлт саулығының кепілі екеніне назар аударып, бұл құқықтық норма медицина саласына заманауи технологияларды енгізуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға, жаңа емдеу әдістерін қолдануға жол ашатынын айтты.
Аудандағы медицина қызметкерлері жаңа Ата заң жобасын қолдап, алдағы референдумда ел болашағы үшін маңызды таңдау жасайтындықтарын білдірді.
13 января 2026
Справедливого государства можно достичь только на основн «Диктатуры» закона

Справедливого государства можно достичь только на основн «Диктатуры» закона , качественного образования, высокой культуры поведения , трудолюбия,
дисциплины , уважения государственных символов.

Президент Касым - Жомарт Токаев.

28 ноября 2025
Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды
Ал аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қайта қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді.
Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн.
Осыған дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52 әкім сайланды. Енді олардың қалай жұмыс істейтінін қарап көру қажет. Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек. Мәселе – аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, басты мақсат: біз оң нәтижелерге қол жеткізуіміз керек.
Үкімет және Парламент депутаттары бірлесіп, осы мәселені жан-жақты қарап, әділетті, дұрыс шешім қабылдауы қажет. Ең бастысы, әрбір реформа салмақты көзқараспен, байыппен жасалуы керек».
06 октября 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖАНДАНА ТҮСКЕН
Түркістан облысында жыл басынан бері 8 айдың қорытындысы бойынша 15-34 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,8% құрап, өткен жылмен салыстырғанда жағдай айтарлықтай жақсарған. Бүгінгі таңда өңір халқының 31 пайызын, яғни, 670 мыңнан астамын жастар құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл басынан бері 4 мыңнан аса іс-шара өткізіліп, 403 мың жас қамтылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жастар саясатын іске асыру мәселесі кеңінен сараланды.
Өңір басшысы жастар саясаты мемлекет стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтіп, оларды тұрақты жұмыспен қамту ең басты өзекті мәселе екенін жеткізді.
– Жастар арасында Түркістан өңірінен шыққан белгілі тұлғалармен тұрақты кездесулер өткізуді тапсырғанмын. Бұл – жас ұрпаққа мотивация беріп, бағыт-бағдар сілтеудің тиімді жолы. Сонымен қатар жастар саясатын тиімді іске асыру бағытында басқа облыстардың және көрші мемлекеттердің тәжірибелерін зерделеп, тиімді жобаларды бейімдеп енгізу қажет. Бұл бойынша нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс, – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған саланы дамыту бойынша, жұмыстарды жандандырып, тың идеялар мен жобаларды іске асыруды және нәтижелі жұмыс көрсетуді тапсырды.
Мәжілісте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында тиісті жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Жас сарбаз» қозғалысы дамыды. Облыста 21 мыңнан астам жас «Жас сарбаз» қозғалысына тіркелген. Жалпы, 739 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. «Жас сарбаз» қозғалысы жастарды отансүйгіштікке, шығармашылыққа, әскери-техникалық білімге және спортқа баулиды. Жыл басынан бері, әскери-патриоттық бағыттағы 158 іс-шара өткізіліп, 10 132 жас қамтылды.
Өңірде жастардың бастамасымен көтерілген «Арақ сатылмайтын ауыл» үндеуі қолдау тауып, облыс бойынша 75 елді мекенде алкогольді ішімдік өнімдерін сату тоқтатылған. Аталған ауылдарда 125 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Бұл жоба жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге бой алдырмау және қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда экологиялық жағдай мен тәртіп – еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі. Осыған орай қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы еліміздің әр өңірінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды шараларды қамтиды. Жыл басынан бері жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында 900-ден астам арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, 189 мыңға жуық ерікті жастар қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 октября 2025
ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан қаласында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлт рухының шамы» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері қатысты.
Мерекелік кеш қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оқушылардың «Ұстазға хат» көрінісі мен өнерпаздардың би және музыкалық композицияларымен басталды. Шара барысында ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы рөлі ерекше аталып өтті.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім саласының үздіктеріне Ы.Алтынсарин медалін және арнайы алғыс хатын табыстап, ұлағатты ұстаздарға алғысын білдірді.
Мерекелік кеште қалалық өнерпаздар мен оқушылардың орындауындағы «Ұстазға тағзым», «Ұстазым» көріністері мен оқушылардың арнаулары ұстаздар қауымына деген ерекше құрметтің көрінісіне айналды.
Бүгінде Түркістан қаласында 88 мектеп жұмыс істеп тұр, оның 50-і – жекеменшік мектептер. Жалпы қала бойынша 56 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 мектепке дейінгі ұйымдарда 17 мың бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл – білім саласына мемлекетпен қатар, кәсіпкерлердің де ерекше көңіл бөліп отырғанының айғағы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 сентября 2025
АУДАНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Бүгін аудандағы білім беру ұйымдарында жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Аудандағы 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 1245 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Биыл аудандағы оқу ордаларында жалпы 12500-ге жуық оқушы білім алмақ.
Білім күнінде Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай №1 жалпы білім беретін мектептің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Ол өз сөзінде: “Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес балалардың жарқын болашағы үшін мемлекеттік деңгейдегі шаралар қабылданып, жоспарлы міндеттер алға қойылды. Мектептерде цифрлық технологияларға басымдық беріліп, жаңа кітаптармен толықты.
Әрине барлық балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау міндетіміз. Осы мақсатта аудандағы барлық білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілді. Биыл жаңа оқу жылына дайындық барысында бірқатар білім нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеті мектеп күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекетіміздің кемел саясатын іске асырудағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін” - деді.
Сонымен қатар, шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, Түркістан облысы Полиция департаментінің басқарма басшысы полиция полковнигі Есенәлі Сенбиев, ардагер ұстаз Пердехан Жаппарқұлов жас ұрпаққа ұлағатты сөздерін арнап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.
Айта кету керек, өткен оқу жылы білім саласы үшін табысты болды. 88 түлек «Алтын белгі», 42 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 310 мектеп түлегі мемлекеттік грантқа ие болып, жоғары оқу орындарында жоғары білімін жалғастырмақ. Оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
11 сентября 2025
2025 жылдың 4 қыркүйек күні өтті ЖЫЛДЫҚҚА – 30 ИГІ ІС
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы Арыс ауылыдағы «Мансап орталығында» өткізілді.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қолдауымен Отырар ауданында ашық есік күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық бақылау өтті.
Шарада қызмет алшулыларға Департаменттің бас маманы Еділқызы Гүлнұр, Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторлары Қасымбеков Есбол, Әмірхан Асхат, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Мәуленқұлов Сәулет, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Таңжар Әділхан, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалы Отырар аудандық бөлімінің жауапты қызметкерлері Досанова Гүлнұр мен Байтасов Нұрбек қызмет көрсетіліп, кеңес берілді.
Қызмет алушылар күнінде сала мамандары жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүліктерге құқықтарді тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспортын беру, кадастр сынды қызметтер тұрғындарға қызмет көрсетіп, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету - ең алдымен ел дамуының негізгі көрсеткішімен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органға деген көзқарасы мен иммиджі қалыптастыратындығы белгілі. Шара барысында Еділқызы Гүлнұр «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланысты болып отыр. Бүгінгі шара арқылы мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсынуды мақсат тұтып отырмыз» деді.
Мұнан соң Департамент өкілі мемлекеттік мекеме және білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Алдымен, Еділқызы Гүлнұр аудан орталығында және тұрғындар көп шоғырланатын орында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі бойынша сауалнама жүргізіп, брошюра таратты.
Сонымен қатар, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Отырар ауылдық округі әкімінің аппараты және №1 жалпы білім беретін мектепте болып, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы қолжетімділігі және қолайлы жағдайын бақылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
11 ноября 2024
ПОСТАНОВЛЕН В ОЧЕРЕДЬ НА ЖИЛЬЕ

Согласно Закону «О государственных услугах», Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и его территориальное подразделение являются уполномоченным органом по оценке и контролю качества государственных услуг.
В текущем году в департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Туркестанской области поступило более 100 обращений от получателей услуг по вопросам качества оказания государственных услуг.
Большинство из них касались земельных, жилищных отношений и социальной сферы.
Сотрудники Департамента тщательно рассматривают любую жалобу и принимают предусмотренные законодательством контрольные меры для восстановления нарушенных прав получателей услуг.
Например, в департамент поступило заявление от госслужащего, работающего в городе Туркестан. Заявитель направил в обслуживающую организацию заявление о постановке в очередь на государственное жилье и получил отказ.

Согласно статье 71 Закона «О жилищных отношениях» на учет в очерелд жилья включаются государственные служащие, работники бюджетных организаций, военнослужащие, кандидаты в космонавтики, космонавты, сотрудники специальных государственных органов и лица, занимающие государственные выборные должности.

В результате проверки департаментом выявлен факт необоснованного отказа в постановке гражданина в очередь на получение жилья. В связи с этим сотрудник организации, допустивший ошибку, привлечен к дисциплинарной ответственности.
В результате права получателя услуги были полностью восстановлены и он поставлен на жилищную очередь в соответствии с законом.
Напоминаем, что в случае необоснованного отказа в предоставлений Вам государственной услуги и нарушения Ваших законных прав Вы можете обратиться в департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Туркестанской области по адресу город Туркестан, микро район Жана кала, 32 улица, дом 16 или позвонить 8 (725 33) 5-94-72 и отавить сообщение, а также через телеграм-бот «Sapaly qyzmet».


Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Туркестанской области

04 ноября 2024
ВОЗНИКЛИ ФАКТЫ НЕСОБЛЮДЕНИЯ ПОРЯДКА ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

Согласно утвержденному плану Департмента Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы по Туркестанской области провело плановую проверку поставщиков государственых услуг.
В соответствии со статьей 27-1 Закона «О государственных услугах» проводится плановая проверка на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в сфере государственных услуг субъектами государственного контроля. качество государственных услуг.
Согласно принципу оказания государственной услуги «Определение делимости и неделимости земельных участков» поставщик услуг обязан в течение 15 (пятнадцати) дней представить мотивированный ответ по определению делимости и неделимости земельных участков либо отказать в предоставлении государственной услуги. рабочих дней (приказ Министерства РК от 1.10.2020 № 301).
В соответствии с пунктами 6 и 7 настоящих Правил в концелярий офиса поставщика услуг в течение 15 (пятнадцати) минут принимает и регистрирует документы, указанные в пункте 4 настоящих Правил, и передает их руководителю поставщика услуг или лицу, его замещающему.
Далее руководитель поставщика услуг или лицо, его замещающее, в течение 1 (одного) рабочего дня знакомится с содержанием документов получателя услуги, принимает решение и передает его в уполномоченный орган по земельным отношениям и структурное подразделение местного исполнительного органа в области архитектуры и градостроительства для рассмотрения.
На данный момент поставщик государстенных услуг применил практику не заполнения даты подачи заявления при приеме заявлений получателей услуг на бумажном носителе через офис.
То есть в связи с тем, что дата подачи заявок не была определена, поставщик услуг не обеспечил проведение процедур обслуживания в сроки, указанные в требованиях Правил.
На данный момент департаменттом внесено предложение не допускать нарушений, выявленных в результате плановой проверки, и не допускать их в будущем.
В настоящее время под влиянием Департамента данные нарушения устранены, а услуго получателюю предоставлено в срок действующим Положением.

Департмент Агентство Республики Казахстан
по джелам государственной службы по Туркестанской области

30 октября 2024
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗ ОТЫРАР АУДАНЫНА КЕЛІП ТОҚТАДЫ

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданындағы «Темір» станциясына келіп тоқтады. Ауданда 24 сағат тұрақтайтын медициналық пойыз ауыл тұрғындарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетеді. Еліміздің барлық облыстарын аралап келе жатқан жылжымалы медициналық қызмет көрсету үйі білікті мамандармен қамтылған.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Мамандарды станция алдынан күтіп алған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов мамандармен бірге қызмет көрсету барысымен танысты. Аралау барысында биыл ауданға екінші рет келген медициналық пойыздың тұрғындар үшін тиімділігін айтып, халықтың денсаулығы мен құқықтық көмек алуына арналған жобаның маңыздылығын атап өтті.
Атап өту керек, 2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына Траст» және Әлеуметтік жобалар қоры «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды «Саламатты Қазақстан» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді. Жоба шеңберінде шалғай жерлерде орналасқан станция тұрғындары білікті медициналық мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог) тегін кеңесі мен ем алуға мүмкіндіктері бар.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорограф және т.б.), шағын операциялық бөлме, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойыз шалғайдағы станцияның тұрғындарына емхана, аурухана, медициналық кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетеді.
Бұл жобада кез келген азамат барлық мәселелерге қатысты құқықтық, психологиялық және медиативтік ең үздік кәсіби заңгерлерден, психологтардан, медиаторлардан тегін және толық көлемде қажетті көмек пен кеңес ала алады.

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы