Шәуілдір ауыл округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Шәуілдір ауыл округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Сәуір айы

 Шәуілдір ауыл округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

Шәуілдір  ауыл округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 9496адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 1143,54 гектарды құрайды,

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 3218 бас, қой мен ешкі 8566  бас, жылқы 730 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  25 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жеке кәсіпкерлер саны 412

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2024 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 28215  тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 57853  теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3692 теңге.

 2024-2026 жылдарға арналған ауыл округінің бюджетінің негізгі параметрлері

 Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

  Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2024-2026 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы  27 желтоқсандағы   №11/63-VIII  шешімімен бекітілді.

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

124567

 130267

132276

Салықтық түсімдер

56434

59264

60434

Салықтық емес түсiмдер

19

19

2070

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

2051

2142

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

66063

68842

69772

Ағымдағы мақсатты трансферттер

91

91

91

Субвенция

65972

68751

69681

Шығындар, оның ішінде:

124567

130267

132276

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

77567

78567

80497

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

47000

51700

51779

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

16000

16000

17000

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

6000

6000

6000

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

15000

18921

17000

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (жергілікті қаражат есебінен

10000

10779

11779

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 Ауыл округі бюджетінің шығындары

 Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 2024 жылы ауыл округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 77567 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Бұл сала бойынша 2024 жылға, елдімекендердегі көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 16 000 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 6 000 мың теңге, елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға  15 000  мың теңге  қаралған.

 

Жарияланған күні

15 сәуір 2024 17:54

Жаңарту күні

15 сәуір 2024