GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Контакты
Документы
Онлайн-приемная
Деятельность
Аппарат акима
Все материалы
23 октября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты: Қарақоңыр ауылында тұрғындармен маңызды кездесу өтті!
Отырар ауданында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кезекті басқосу Қарақоңыр ауылдық округінде өтіп, ауыл тұрғындары мен қоғамдастық мүшелері белсенді қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімдігінің заңгері Асхат Әмірхан ауыл өміріне қатысты маңызды шешімдерді тұрғындармен бірге қабылдаудың және ортақ жұмысты күшейтудің маңызын атап өтті. Өз кезегінде полиция инспекторы Талғат Меңлібаев балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі зор екенін еске салып, жасөспірімдердің кешкі уақытта үлкендерсіз көшеде жүрмеуі керектігін ескертті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тазалығын сақтауға шақырды.
Жиында барысында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Бейсенбиев бала тәрбиесі, ата-ананың жеке үлгісі және ұлттық құндылықтар туралы ой бөліссе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Қазыбек Әсетуллаев елде жүріп жатқан әлеуметтік реформалар туралы түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.
23 октября 2026
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Цифрлық технологиялар дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер де көбейіп келеді. Азаматтардың жеке деректері мен қаржылық қауіпсіздігін қорғау – аса маңызды міндет.
Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз, банк картасының деректерін және SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз. Күмәнді қоңыраулар мен ақша аудару туралы өтініштерді мұқият тексеріңіз.
Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың басты жолы!

#ИнтернетАлаяқтық
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

23 октября 2026
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛМАҚ

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесін жетілдіруге бағытталған реформа қолға алынды. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды отбасының нақты әл-ауқаты мен мұқтаждық деңгейіне қарай ұсыну, бюджет қаражатын әділ әрі тиімді бөлу. Жаңа өзгерістер жайында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазіргі таңда республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрі төленеді. Оларды алушылар саны 3,2 миллион адамды құраса, жыл сайынғы шығын көлемі 2,1 триллион теңгеге жетеді. Осыған байланысты әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау көзделіп отыр. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің 14 түрін тағайындау кезінде Отбасының цифрлық картасы арқылы анықталатын әл-ауқат деңгейі ескеріледі. Жаңа тәртіпке сәйкес, әл-ауқаты жоғары «А» және ауқатты «В» санаттарына жататын отбасыларға аталған 14 төлем түрі бойынша жәрдемақы тағайындалмайды» - деді спикер.
Басқарма басшысының айтуынша, өзгеріс - әлеуметтік қолдауды толығымен алып тастауды емес, оны нақты қажеттілікке қарай бағыттауды көздейді. Егер отбасының әл-ауқаты төмендеп, төмен санатқа ауысса, тиісті әлеуметтік төлемдерді алу құқығы қайта қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, әрбір төлем бойынша құқық жеке қаралады және зейнеткерлерге қатысты жекелеген ерекшеліктер ескеріледі.
Отбасының әл-ауқаты бес санат бойынша бағаланады. Олар: «А» – әл-ауқаттың жоғары деңгейі, «В» – ауқатты деңгей, «С» – қанағаттанарлық деңгей, «D» – экономикалық осал деңгей және «Е» – экономикалық әрі әлеуметтік осал деңгей. Бағалау үшін азаматтардан қосымша құжаттар талап етілмейді. Отбасының әлеуметтік жағдайы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде айқындалады. Бағалау барысында отбасының табысы, құрамы, жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, кәсіпкерлік қызметі, жері мен малы, еңбек қызметі, әлеуметтік төлемдері және қаржылық міндеттемелері ескеріледі. Бұл мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, кредиттік бюролар мен екінші деңгейдегі банктерден алынады.
Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік шығыстарды қысқарту емес, әлеуметтік ресурстарды әділ бөлу және қолдауды мұқтаж азаматтарға бағыттау. Оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаражат - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына жұмсалуы көзделген.

23 октября 2026
Алкоголизмнің алдын алу

Алкогольден бас тарту — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
Алкогольді тұрақты қолдану тәуелділікке әкеліп, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, ми және басқа мүшелердің қызметіне зиян келтіреді.
Алдын алу жолдары:
* алкогольді ішімдіктерді қолданбау;
* бос уақытты спортпен және пайдалы істермен өткізу;
* күйзелісті алкогольсіз әдістермен жеңу;
* алкоголь ұсынатын ортадан аулақ болу;
* отбасы мен жақындардың қолдауын пайдалану;
* тәуелділік белгілері байқалса, дәрігерге немесе психологқа ерте жүгіну.
Есіңізде болсын: алкогольсіз өмір — дені сау отбасы, жарқын болашақ!

13 октября 2026
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Биыл қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Отырар ауданында Жамбыл атындағы мектеп-лицейі түлектерінің ұйымдастыруымен кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Турнирдің басты мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Ұ.Абдрахимов, облыстық ұлттық спорт федерациясының президенті Н.Мылтықбаев және спорт саласының өкілдері қатысты.
Шара барысында қонақтар спортшыларды айтулы мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Аудандық додаға барлығы 16 команда қатысып, тартысты ойындар екі алаңда қатар өткізілді.
Турнир аясында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды іс-шаралар да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Құран оқылып, ас берілді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы қазақ күресінен бес дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жүлдегерлерге жалпы сомасы 1 миллион 800 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады.
Мұндай тағылымды әрі ауқымды шаралар – ұлттық руханиятымызды ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын нығайтумен қатар, жастарды спортқа баулуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
13 октября 2026
«AQ-DALA – 2026»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
📍Түркістан облысында дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті. Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округіндегі «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта алқабында өткен іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, өңір тұрғындары мен еңбек адамдары қатысты.
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда адал еңбек пен еңбек адамының мәртебесін арттырудың маңызын үнемі айтып келеді. Бүгінгі шара «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына сүйене отырып, құндылықтардың сабақтастығын айқындайды.
⤵️Салтанатты шарада облыс басшысы Нұралхан Көшеров көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шарушылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды.
🔰– Бүгін біз Отырардың ақ даласында жиналып, ақ алтын өсірген азаматтардың еңбегіне құрмет көрсетіп отырмыз. Бұл мерекенің басты кейіпкерлері – дән өсіретін диқандар, өнім жинайтын механизаторлар, су жеткізетін мамандар мен мақтаны өңдейтін еңбеккерлер. Түркістан облысы үшін мақта – негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Оны өсіру, жинау және өңдеу мыңдаған тұрғынның еңбегімен байланысты. Сондықтан ақ алтынның қадірі, ең алдымен, оны өсірген адамның еңбегімен өлшенеді. Биыл облыста мақта 173,6 мың гектарға егілді. Қазір алқаптарда жиын-терім жұмыстары жүргізілуде. Маусым қорытындысымен 556 мың тонна мақта жинау көзделуде (32 ц/га). Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығында озық технологияларды кеңінен енгізіп, су үнемдеуге батыл көшу жөнінде нақты тапсырма берді. Су тапшылығы сезілетін біздің өңір үшін бұл – күнделікті жұмыстың басты бағыты. Бүгінде мақта алқабының 91 мың гектарында су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Жекелеген алқаптарда гектарына 60 центнерге дейін өнім алынуы суды ұқыпты пайдалану мен жаңа тәсілдердің нәтижесін көрсетеді. Біздің мақсатымыз – мақтаны өсірумен шектелмей, одан түсетін табыстың көбірек бөлігін өз өңірімізде қалыптастыру. Осы бағытта мақта өсіруден бастап өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі толық тізбекті қамтитын елімізде теңдесі жоқ кластер қалыптасып келеді. Бүгін сіздер осы кластерлік жобалардың алғашқысы – «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-ның жобасымен танысып отырсыздар. Біз Түркістан мақтасын шикізат күйінде ғана өткізбей, оны терең өңдеп, дайын өнімге айналдыратын заманауи өндіріс жүйесін қалыптастыруды көздейміз. Жалпы аграрлық салаға шетелдік инвесторларды тартып, олардың озық технологиялары мен өндірістік тәжірибесін өңірімізге әкеліп жатырмыз. Ендігі міндет – осы тәжірибені өзіміз толық меңгеру. Инвестицияның нәтижесін біз тұрақты жұмыс орындарынан ғана емес, өзімізде қалыптасқан білікті кадрлар мен бәсекеге қабілетті дайын өнімнен де көретеміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – бір күннің емес, жылдар бойғы адал еңбектің нәтижесі. Ақ алтынды өсіріп, туған жердің берекесін арттырып жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Егін бітік шығып, әр маусым қуаныш пен молшылық әкелсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.
🔰Сондай-ақ іс-шара барысында облыс әкімі бір топ озат еңбеккерге ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісін табыстап, үздіктерді «Құрмет» грамотасы және Түркістан облысы әкімінің мақта шаруашылығының үздігі дипломымен марапаттады.
🔰Түркістан облысы – еліміздегі мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Өңірде мақтаны өсіруден бастап оны өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбек қалыптасып келеді. 2030 жылға дейін облыста жалпы құны 212,6 млрд теңгені құрайтын 5 кластер іске асырылады. Нәтижесінде жылына 229,5 мың тонна дайын өнім өндіріліп, 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
🔰Бүгінгі күннің өзінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС озық технологияларды пайдаланып, 52 мың гектарға мақта егіп отыр. Жалпы қуаты 180 мың тонна болатын 2 мақта өңдеу зауыты, тамшылатып суару таспасы мен ПВХ құбырларын өндіретін зауыттар, сондай-ақ жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде 1200 жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, тағы 2 мақта өңдеу зауытын және жылына 5 мың тонна мақта тұқымын өндіретін зауытты іске қосу жоспарлануда. Ал «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жылына 45 млн шаршы метр тоқыма емес материал шығаратын зауыт, 45 млн шаршы метр мата бояйтын зауыт іске қосылады. Сондай-ақ мұнда жылына 7 млн жиынтыққа дейін тоқыма бұйымдары мен киім өндіретін тігін фабрикасы және джинс маталарын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ.
🔰Облыста мол өнімді қабылдауға және өңдеуге қуатты инфрақұрылым бар. Өңірдегі 29 мақта өңдеу зауыты мен 169 қабылдау бекеті жылына 1 млн тоннадан астам шитті мақтаны қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді. Мақта шаруашылығындағы 25 мыңға жуық агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді.
🔰2025 жыл – мақташылардың рекордтық жетістік жылы болды. Облыста 466 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналып, орташа түсімділік гектарына 32 центнерге жетті. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары нәтиже.
🔰Мерекелік іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар, жергілікті өндірушілердің өнімдері мен азық-түлік тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
«AQ-DALA – 2026» шарасы – мақта шаруашылығының жетістігін ғана емес, еңбек адамының еңбегін, жаңа технологияны меңгерген мамандарды және ауылдағы жаңа мүмкіндіктерді дәріптейтін маңызды алаң.
08 октября 2026
Нашақорлық – қоғам дерті

Нашақорлық – адам өміріне ең үлкен қауіп төндіретін әлеуметтік мәселелердің бірі. Ол тек жеке адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасы мен қоғамның тыныштығын бұзады. Есірткіге тәуелділік адамның санасын улап, болашағын құрдымға жібереді.
Көп жағдайда нашақорлық қызығушылықтан немесе жаман ортаның ықпалынан басталады. Алайда оның соңы ауыр зардаптарға әкеледі: денсаулықтың нашарлауы, психологиялық күйзеліс, қылмысқа бару және өмір сапасының төмендеуі. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу – әрбір адамның, әрбір қоғам мүшесінің міндеті.
Жастар – елдің болашағы. Сондықтан оларды зиянды әдеттерден қорғау, дұрыс бағыт-бағдар беру өте маңызды. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, білімге ұмтылу – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдары.
Әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасауы керек. Есірткі – уақытша әсер ғана, ал денсаулық – мәңгілік құндылық. Біз болашағымызды бүгіннен бастап қорғауымыз қажет.
Денсаулықты таңда! Өмірді таңда!

08 октября 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОТЫРАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

🔰Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

🔰Жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өңір басшысы көтерілген мәселелерді тыңдап, тиісті жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар кездесуге келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жеке тыңдап, қабылдау өткізді.

📌– Бүгін қазақ өркениетінің алтын діңгегі, киелі Арыстанбаб бабамыз мәңгілік тыныстап жатқан, талай тарихи оқиғаның куәсі болған Отырар өңірінің тұрғындарымен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын.

🔰Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. 2026 жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 67,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,6 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,3 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,6 млрд теңгені құрады.

🔰Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 28,6 млрд теңгені, сауда көлемі 5,3 млрд теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 26,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өскен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,9 млрд теңгені құрап, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14,5 мың шаршы метрге жетті.

🔰Ауданда биыл Темір ауылындағы Темір станциясын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді.

🔰Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында да жұмыстар атқарылуда. Биыл Балтакөл, Маяқұм және Көксарай ауылдық округтеріндегі 7 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда, аудан бойынша газбен қамтылған елді мекендер саны 29-ға жетіп, қамту деңгейі 78,4 пайызды құрайды.

🔰Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін одан әрі жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.

🔰Бұдан бөлек, ауданда жол және инфрақұрылым мәселелерін шешуге басымдық берілуде. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 58,5 шақырым болатын 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан бойынша автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 87 пайызға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар 11 елді мекенде балалар ойын алаңдарын салу, 19 елді мекенде көшелерді жарықтандыру және жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салу жұмыстары қолға алынған. Бір елді мекенде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Кездесуде Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданның өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар білім беру, автомобиль жолдары, кәріз жүйесі, инженерлік инфрақұрылым, жер қатынастары және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Әрбір мәселе бойынша жауаптар беріліп, тиісті жұмыстарды жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Кездесуден кейін облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері қаралып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

02 октября 2026
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қоғам ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.
Ағымдағы жылы Қоғам ауылындағы Қ.Нарымбетов көшесі мен Мыңшұңқыр ауылындағы Көктөбе көшесіне асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын салу, Талапты ауылындағы Атамекен көшесін жарықтандыру және Шәуілдір–Қоғам бағытындағы көше жарықтарын орнату жұмыстары жоспарланып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асуда.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, көше жарығы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесуден кейін аудан әкімі жасы 90-ға таяған зейнеткер Айша Арыстанбаеваның үйіне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Батыр ананың иығына кестелі орамал жауып, құрмет көрсетті. Балалық шағы ел тарихындағы қиын-қыстау кезеңдермен тұспа-тұс келген қарт ана келер ұрпақ бейбіт күннің қадірін түсініп, елдің дамуына аянбай қызмет ету керектігін айтты. Көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

02 октября 2026
ОТЫРАРДА «ЖАСТЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» АТТЫ НОСТАЛЬГИЯЛЫҚ МӘДЕНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 қазан – Халықаралық қарттар күнін атап өту жөніндегі аудандық апталық жоспарға сәйкес, «Жастық шаққа саяхат» тақырыбында ардагерлерге ностальгиялық мәдени кеш ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қарттардың жастық шағындағы жылы естеліктерін жаңғыртып, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Мерекелік кештің шырайын кіргізген ерекше тұстарының бірі – арнайы жасақталған ретро-фотозона болды. Онда келушілердің назарына өткен ғасырдың көз қуантарлық жәдігерлері: ескі радиоқабылдағыштар, граммофон пластинкалары, өткен кезеңнің газет-журналдары, сол заманғы киім үлгілері мен тұрмыстық бұйымдар қойылды. Мұны көрген ардагерлер жастық шақтарына ойша саяхат жасап, жүректеріндегі ең ыстық естеліктерімен бөлісті.
Ардагерлер қауымы көрсетілген шынайы ілтипат пен ыстық ықылас үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Мұндай игі іс-шаралар ауданымызда алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы