Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – халықтар арасындағы достық, өзара құрмет пен қоғамдық келісім. Әртүрлі мәдениет пен дәстүрге құрметпен қарау қоғамның бірлігін нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге жол ашады.
Бір-бірімізді түсіну, өзара қолдау көрсету және татулықты сақтау – тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Достық күнделікті қарым-қатынастан, өзгелердің пікіріне құрметпен қараудан және ортақ іске бірге атсалысудан басталады.
Бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын!
#ДостықПенКелісім
«ЛУДОМАНИЯҒА ЖОЛ ЖОҚ — САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен жастар арасында лудоманияның алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үнпарақтар таратылды.
Мақсаты – жастар арасында құмар ойындар мен бәс тігуге тәуелділіктің алдын алу, лудоманияның зияны туралы ақпараттандыру, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Сонымен қатар, лудоманияға тәуелділікке тап болған жандарға қолдау көрсету жолдары түсіндіріліп, психологиялық қауіпсіздік пен сенімді қарым-қатынас ортасын қалыптастыру, жастар арасында жауапкершілік, өзара қолдау және салауатты өмір салты құндылықтарын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.🔹Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield.ai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.
🔹Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.
Жетісай ауданы полиция бөлімі мен Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының бірлесуімен тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында азаматтарға интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға банк картасының деректері мен жеке мәліметтерді бермеу және онлайн қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ескертулер айтылды.
⚠️ Алаяқтарға алданбаңыз! Ақпаратты тексеріңіз, жеке деректеріңізді қорғаңыз!
#ИнтернетАлаяқтық
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Құрметті тұрғындар!
«Салимжан и К» ЖШС емханасы халық арасында алкогольді тұтынудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
🍷 Алкогольдің адам денсаулығына әсері қандай?
Алкогольді шамадан тыс тұтыну:
🔹 бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі мен ас қорыту ағзаларына кері әсер етеді;
🔹 психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының қаупін арттырады;
🔹 алкогольге тәуелділіктің қалыптасуына әкелуі мүмкін;
🔹 жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың қаупін арттырады;
🔹 онкологиялық аурулардың бірнеше түрінің даму қаупімен байланысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алкоголь 200-ден астам ауру мен денсаулық жағдайына себепші немесе ықпал етуші фактор болып табылады.
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АМЕРИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
📍Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 4,3 млрд теңгеге америкалық технология бойынша заманауи мал бордақылау кешені салынып жатыр. Жоба бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға мүмкіндік береді.
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында Қақпақ ауылдық округінде болып, «Қарқын-2030» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс барысымен танысты.
⤵️Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамытуда осындай инвестициялық жобалардың маңызы зор екенін атап өтті.
📌– Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Әсіресе, мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін арттыру маңызды. Бұл жоба ауданның экономикалық дамуына серпін беріп, тұрақты жұмыс орындарын ашуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалануға күш саламыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
🔰16 гектар аумақта орналасқан алаңның құрылысы 2025 жылы басталған. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан кешенде өндірістік үдерістерді автоматтандыру, жем-шөп дайындау, малды күтіп-бағу және қалдықтарды басқару жүйелері қарастырылған.
🔰Нысан ветеринариялық, санитариялық және технологиялық талаптарға сәйкес жабдықталады.
🔰Жоба аясында 5 нысан салу көзделсе, бүгінде 4 нысанның құрылысы толық аяқталды. Кешен толыққанды қуатына биыл қосылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
🔰Қазіргі уақытта 3700 бас ірі қара мал қабылданып, 2500 бас мал бордақыланған.
🔰Аталған жоба Қазығұрт ауданының мал шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға үлес қосуды көздейді. Сонымен қатар ет өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Конституция – әр мемлекеттің негізгі заңы, тәуелсіздіктің тұғыры. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап, мемлекет пен қоғамның даму бағытын белгілейді.
🇰🇿 Біздің елімізде Конституция 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданды. Бұл күн – ел тарихындағы маңызды мереке.
Конституция – заң үстемдігінің кепілі, әділетті қоғамның негізі. Әрбір азамат оны құрметтеп, талаптарын орындауы – ортақ жауапкершілік.
#Конституция