GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
Аппарат акима
Онлайн-приемная
Все материалы
СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
22 сентября 2026
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ» ОРАЙ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ» ОРАЙ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық шарасы аясында өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» іс-шарасына 1500-ге жуық тұрғын қатысты.
Аудан аумағында қарқынды жүргізілген санитарлық тазалық жұмыстарында елді мекендердің іші мен тұрғындар жиі жүретін демалыс аймақтары, саябақтар мен скверлер, автомобиль жолдарының бойлары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандарының аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, шөптері шабылды.
Аудан аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету нысандарының иелеріне санитариялық талаптарды сақтау, іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету, ғимараттардың сыртқы келбетін ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау және заңсыз орналастырылған жарнамаларды жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Сондай-ақ  сенбілік барысында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ардагерлер мен аудан жастары, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері мен кәсіпкерлер өздеріне белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында жұмыстар жүргізді. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да оң әсерін тигізеді.

#ТазаҚазақстан

СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО
22 сентября 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ӘРІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ӘРІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде күзгі дала жұмыстарының барысы және мал шаруашылығын қажетті азық қорымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне күзгі жиын-терімді сапалы атқаруды тапсырды. Сонымен бірге терең өңдеу көлемін арттыру басым бағытқа ие екенін жеткізді. 

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 920,1 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық. Оның ішінде мақта 173,6 мың гектарға, майлы дақылдар 98,3 мың гектарға, жүгері 46,5 мың гектарға егілді. Мақта алқаптарының ұлғаюына заманауи агротехнологияларды кеңінен енгізу ықпал етіп отыр. Биыл мақта өсіруде озық технологиялар 91 мың гектарға енгізілді.

Қазіргі таңда негізгі дақылдарды жинау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Масақты дақылдар толық жиналып, 274,4 мың гектардан 534,4 мың тонна өнім алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 198,4 мың тоннаға артық. Майлы дақылдардың 86 пайызы жиналып, 84,5 мың тонна өнім өндірілді. Көкөніс пен картоп жинау жоспарының 93 пайызы орындалып, 1,18 млн тонна өнім алынды. Бақша дақылдарының 90 пайызы жиналып, 1,46 млн тонна өнім жиналды.

Мал қыстату науқанына қажетті азық қоры да қалыптастырылды. Облыста қысқы кезеңге 5,2 млн тонна мал азығы қажет болса, қазіргі таңда 5,28 млн тонна азық дайындалды. Яғни қажеттіліктің 102 пайызы қамтамасыз етілді. Оның ішінде 3,97 млн тонна шөп, 409,1 мың тонна сабан, 529,3 мың тонна сүрлем мен пішендеме және 358,6 мың тонна құнарлы жем әзірленді. Бұл биылғы қолайлы вегетациялық кезеңнің нәтижесінде мал азығы дақылдарының өнімділігі жоғары болғанын көрсетеді.

Күзгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары да жалғасуда. Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 33,4 млрд теңге бағыттау жоспарланып, бүгінге дейін 1 841 жобаға 32,1 млрд теңге берілді. Сонымен қатар күзгі жұмыстарға 41,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да қарқынды. Биыл облыста 1 267 жаңа техника сатып алынды. Оның 892-сі 14,9 млрд теңгеге лизинг арқылы, 375-і шаруалардың өз қаражаты есебінен алынған. Нәтижесінде техника паркін жаңарту деңгейі 7,3 пайызды құрады.

Мәжілісте су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне де басымдық берілді. Биыл бұл технологияларды қосымша 50 мың гектарға енгізу жоспарланып, жалпы көлемді 164 мың гектарға жеткізу көзделген. Қазіргі таңда 44,6 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілді. Облыс әкімі аталған бағыттағы жұмысты жандандырып, жоспарланған алқаптарды белгіленген мерзімде іске қосуды тапсырды.

Биылғы 8 айда облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 714,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өндірісінің негізгі капиталына 171,7 млрд теңге инвестиция тартылды.

Облыс әкімі жауаптыларға Нұралхан Көшеров күзгі жиын-терім жұмыстарын уақтылы аяқтауды, мал азығына қатысты қажеттілікті толық қамтамасыз етуді, арзандатылған дизель отынын уақтылы жеткізуді және су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын арттыруды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОСЕННИЕ ПОЛЕВЫЕ РАБОТЫ ВЕДУТСЯ ПО ПЛАНУ И ИНТЕНСИВНЫМИ ТЕМПАМИ

На еженедельном заседании аппарата акима Туркестанской области обсудили ход осенних полевых работ и вопросы обеспечения животноводства необходимым запасом кормов. Аким области Нуралхан Кушеров поручил руководителю ответственного управления и акимам районов и городов качественно провести осеннюю уборочную кампанию. При этом глава региона отметил, что приоритетным направлением является увеличение объемов глубокой переработки.

В этом году в области сельскохозяйственные культуры посеяны на площади 920,1 тыс. гектаров. Это на 9 тыс. гектаров больше по сравнению с прошлым годом. В том числе хлопчатник посеян на 173,6 тыс. гектаров, масличные культуры – на 98,3 тыс. гектаров, кукуруза – на 46,5 тыс. гектаров. Увеличению площадей хлопчатника способствует широкое внедрение современных агротехнологий. В этом году передовые технологии при выращивании хлопка внедрены на 91 тыс. гектаров.

В настоящее время работы по уборке основных культур ведутся системно. Колосовые культуры убраны полностью, с 274,4 тыс. гектаров получено 534,4 тыс. тонн продукции. Это на 198,4 тыс. тонн больше по сравнению с прошлым годом. Масличных культур убрано 86%, произведено 84,5 тыс. тонн продукции. План по уборке овощей и картофеля выполнен на 93%, получено 1,18 млн тонн продукции. Бахчевых культур убрано 90%, собрано 1,46 млн тонн продукции.

Также сформирован запас кормов, необходимых для зимовки скота. Если на зимний период в области требуется 5,2 млн тонн кормов для скота, то на сегодняшний день заготовлено 5,28 млн тонн кормов. То есть обеспечено 102% потребности. В том числе заготовлено 3,97 млн тонн сена, 409,1 тыс. тонн соломы, 529,3 тыс. тонн силоса и сенажа и 358,6 тыс. тонн концентрированных кормов. Это показывает, что в результате благоприятного вегетационного периода в этом году урожайность кормовых культур была высокой.

Для качественного проведения осенних полевых работ оказываются и меры государственной поддержки аграриев. В этом году на финансирование весенних и осенних полевых работ планируется направить 33,4 млрд тенге, на сегодняшний день 1841 проекту выдано 32,1 млрд тенге. Кроме того, на осенние работы выделено 41,8 тыс. тонн удешевленного дизельного топлива.

Интенсивно ведется и работа по обновлению сельскохозяйственной техники. В этом году в области приобретено 1267 единиц новой техники. Из них 892 единицы – в лизинг на сумму 14,9 млрд тенге, 375 – за счет собственных средств аграриев. В результате уровень обновления парка техники составил 7,3%.

На совещании приоритет был также отдан вопросу внедрения водосберегающих технологий. В этом году планируется дополнительно внедрить эти технологии на 50 тыс. гектарах и довести общий объем до 164 тыс. гектаров. В настоящее время водосберегающие технологии внедрены на площади 44,6 тыс. гектаров. Аким области поручил активизировать работу в данном направлении и ввести в эксплуатацию запланированные площади в установленные сроки.

За восемь месяцев текущего года общий объем продукции сельского хозяйства в области достиг 714,4 млрд тенге, индекс физического объема составил 109,5%. По этому показателю Туркестанская область занимает первое место в республике. Кроме того, в основной капитал агропромышленного комплекса и пищевого производства привлечено 171,7 млрд тенге инвестиций.

Аким области поручил ответственным лицам своевременно завершить осенние уборочные работы, полностью обеспечить потребность в кормах для скота, своевременно доставить удешевленное дизельное топливо и увеличить темпы внедрения водосберегающих технологий.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
12 сентября 2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ РЕСМИ ЖӘНЕ БИЗНЕС ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ РЕСМИ ЖӘНЕ БИЗНЕС ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

✔️2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің өңірлерінде инвестициялық жобаларды дамытып, халықаралық әріптестікті нығайту, цифрландыру мен инновациялық өндірістерге қолдау көрсету басты басымдық ретінде белгіленген. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының инвесторлары, сондай-ақ Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин бастаған ресми делегация арасында B2G форматында кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

⤵️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл кездесудің негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту екенін атап өтіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

📌– Қазақ-қытай қатынастарының берік достық байланысы стратегиялық серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналғанын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтады. Екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог пен стратегиялық серіктестік Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының барлық салалар бойынша дамуында шешуші рөл атқарып отыр. Биылғы тамыз айында Қытай еліне жасаған кезекті іссапарымыз аясында сіздермен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргіздік. Соның нәтижесінде, бүгін екі елдің дамуына үлес қосатын Қазақ–Қытай өнеркәсіптік паркі құрылысының іргетасын қалау рәсімін өткізгелі отырмыз. Біз өздеріңіздей серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әрқашан дайынбыз, – деді облыс басшысы Нұралхан Көшеров.

✔️Кездесу барысында шетелдік компаниялар күн энергиясы, электр жабдықтары, құбыр арматурасы, пластмасса бұйымдары, цифрлық технологиялар, «Ақылды үй» жүйелері, күн панельдері және олардың компоненттерін өндіру, тұрғын үй және коммерциялық кешендер, инфрақұрылым нысандары (ауруханалар, мектептер, әуежайлар), сондай-ақ төмен вольтты электр жабдықтары мен қауіпсіздік шешімдерін әзірлеу жобаларын таныстырды. Бұдан бөлек, өндірісті цифрлық басқару, сайт жасау, оларды Google, Meta, LinkedIn, TikTok платформаларында ілгерілету және шетелдік клиенттерді тарту бойынша цифрлық маркетинг шешімдері ұсынылды.

✔️Электр энергиясын беру және тарату жабдықтарын, электр шкафтары, күн мен жел электр станциялары үшін қосалқы станциялар, басқару және автоматтандыру жүйелерін шығару, экологиялық туризм, қонақүй және ойын-сауық қызметтері, дрондар мен цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеу мәселелері де талқыланды.

✔️Бүгінде Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар бойынша ТОП–5 инвестор ел қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 14,9 млрд, импорт – 15,2 млрд АҚШ доллары.

✔️Ал Түркістан облысы бойынша өзара тауар айналымы 296 млн АҚШ долларына жеткен: экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар.

✔️Өңірде жалпы аумағы 2397 гектар болатын 20 индустриялық аймақ пен 4000 гектарлық «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Сонымен қатар, жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда.

✔️Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 44%-ын өңдеу өнеркәсібі (983 млн доллар) құрайды. Өңір мақта өңдеу бойынша 1-орында, ал текстиль өнімдері мен трансформатор өндірісі бойынша 2-орында тұр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___

НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ОФИЦИАЛЬНОЙ И БИЗНЕС-ДЕЛЕГАЦИЕЙ КИТАЯ

✔️В нынешнем Послании Президента Касым-Жомарта Токаева в качестве главных приоритетов определены развитие инвестиционных проектов в регионах страны, укрепление международного партнерства, поддержка цифровизации и инновационных производств. В рамках реализации задач Послания сегодня в Мактааральском районе прошла встреча в формате B2G с участием акима области Нуралхана Кушерова и инвесторов из Китайской Народной Республики, а также официальной делегацией во главе с руководителем Департамента торговли города Вэньчжоу Юй Лицином. В ходе встречи были широко обсуждены вопросы укрепления двустороннего сотрудничества и реализации совместных проектов.

⤵️Аким области отметил, что основная цель этой встречи – дальнейшее развитие межрегионального сотрудничества, и представил инвестиционные возможности региона.

📌– Наш Президент Касым-Жомарт Токаев часто говорит, что прочные дружеские связи казахско-китайских отношений являются образцом стратегического партнерства и межгосударственного сотрудничества. Доверительный диалог и стратегическое партнерство между лидерами двух стран играют решающую роль в развитии казахстанско-китайских отношений по всем направлениям. В рамках нашей командировки в Китай в августе этого года мы встретились с вами и провели переговоры по вопросам развития двустороннего сотрудничества. В результате сегодня мы проводим церемонию закладки фундамента казахстанско-китайского индустриального парка, который внесет вклад в развитие обеих стран. Мы всегда готовы к расширению взаимовыгодного сотрудничества с такими партнерами, как вы, – сказал глава области.

✔️В ходе встречи иностранные компании представили проекты по производству солнечной энергии, электрооборудования, трубопроводной арматуры, пластмассовых изделий, цифровых технологий, систем «Умный дом», солнечных панелей и их компонентов, а также по строительству жилых и коммерческих комплексов и инфраструктурных объектов (больниц, школ, аэропортов), разработке низковольтного электрооборудования и решений в области безопасности. Кроме того, были представлены решения в сфере цифрового маркетинга по цифровому управлению производством, созданию веб-сайтов, их продвижению на платформах Google, Meta, LinkedIn, TikTok и привлечению иностранных клиентов.

✔️Также были обсуждены вопросы производства оборудования для передачи и распределения электроэнергии, электрошкафов, подстанций для солнечных и ветряных электростанций, систем управления и автоматизации, а также развития экологического туризма, гостиничных и развлекательных услуг, разработки дронов и решений для цифровой трансформации.

✔️Сегодня Китай входит в ТОП-5 стран-инвесторов в экономику Казахстана. По итогам 2024 года товарооборот между двумя странами достиг $31,1 млрд, из них экспорт составил $14,9 млрд, импорт - $15,2 млрд. Товарооборот по Туркестанской области достиг $296 млн: экспорт – $85 млн, импорт – $211 млн.

✔️В регионе созданы 20 индустриальных зон общей площадью 2397 гектаров и специальная экономическая зона «Turan» площадью 4000 гектаров. Кроме того, в целях обеспечения инфраструктурой новых производственных проектов строятся vалые индустриальные парки.

✔️Сельское хозяйство – основной драйвер экономики Туркестанской области. В 2024 году общий объем сельскохозяйственной продукции составил $2,1 млрд. Обрабатывающая промышленность составляет 44% промышленного производства ($983 млн). Регион занимает первое место по переработке хлопка и второе место по производству текстильных изделий и трансформаторов.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
12 сентября 2025
ТҮРКІСТАН: «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХӨК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРКТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХӨК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРКТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

✔️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, технологиялық серпіліс жасау және халықаралық әріптестікті нығайту бағыттары нақты іске асырылып келеді. Президенттің халыққа Жолдауындағы міндеттерді орындау мақсатында Мақтаарал ауданы, Атакент кеден бекеті маңындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (ХӨКО) аумағында бүгін өнеркәсіптік паркінің іргетасы қаланды.

✔️Жобаның жалпы инвестициялық құны – 123 млрд теңге, ал ашылатын жұмыс орындарының саны – 3 000-нан асады деп күтілуде. Бұл, әсіресе Мақтаарал ауданы мен жалпы Түркістан облысы үшін әлеуметтік-экономикалық серпіліс әкелетін көрсеткіш. Қазірдің өзінде орталық аумағында 10-ға жуық жергілікті кәсіпкерлер өз жобасын бастауда. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа индустриалды парк жобасының жұмысына сәттілік тіледі.

📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібі саласына инвестиция тарту міндетін қойған болатын. Осы бағытта өңіріміздің әлеуетін дамыту үшін бүгін біз «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын индустриалды парктің іргетасын қалап отырмыз. Бұл жерде электр энергиясын таратуға арналған жабдықтар, төмен вольтты электр жабдықтары, инвесторлар мен өнеркәсіптік автоматика жүйелері, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарын өндіру бойынша кәсіпорындар ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстар өңіріміздің республикалық бюджетке тәуелділігін төмендетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жерге 123 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 3 000 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар зауыттардан түсетін салықтар арқылы республикалық және жергілікті бюджетке түсетін кіріс көлемі артады, – деді Н.Көшеров.

✔️«Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы – тек өндірістік жоба емес, ол аймақтың болашағын, жаңа экономикалық дәуірін айқындайтын стратегиялық платформа.

✔️Сондай-ақ іс-шара барысында Қытайдың халықаралық инвестицияларды қолдау қауымдастығы Экономикалық комитеті бас хатшысының орынбасары Лю Цинфэн, Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин сөз сөйлеп, екі ел көшбасшыларының қолдауымен қолға алынған өңдеу өнеркәсібі саласына жобаларды жүзеге асыруға күш салатындарын жеткізді. Жаңа кәсіпорындардың құрылысын сапалы да мерзімінде іске асатынын айтты.

✔️Жобалар аясында төмен вольтті электр жабдықтарын өндіру, инверторлар мен автоматтандыру жүйелері, пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА), сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне арналған құрылғылар өндірісі көзделуде. Бұл өңірді техникалық-инновациялық кластерге айналдыруға мүмкіндік береді.

✔️«Орталық Азия» ХӨК орталығы өңірдегі ең ірі жүк ағындарын біріктіру, өңдеу және тарату, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамыту орталығы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформа болмақ. 2027 жылға қарай мұнда 60-тан астам ірі жоба іске қосылып, 13 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

✔️Нәтижесінде Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығына айналмақ. Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі едәуір артады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жастарды жұмыспен қамту және кәсіптік даярлау жолға қойылады. Цифрлық өндіріс, автоматтандыру және жасанды интеллект салаларындағы заманауи шешімдер енгізіледі. Жаңа өндірістік, қоймалық және көліктік желілер салынып, логистика жеңілдейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___

ТУРКЕСТАН: НА ТЕРРИТОРИИ ЦЕНТРА МЕЖДУНАРОДНОЙ ПРОМЫШЛЕННОЙ КООПЕРАЦИИ «ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ» ЗАЛОЖИЛИ КАПСУЛУ ИНДУСТРИАЛЬНОГО ПАРКА

✔️В соответствии с поручением Главы государства в Туркестанской области планомерно реализуются меры по развитию обрабатывающей промышленности, технологическому прорыву и укреплению международного партнерства. В целях выполнения задач, поставленных в Послании Президента, сегодня в Мактааральском районе, на территории Центра международной промышленной кооперации «Центральная Азия» (ЦМПК), близ таможенного поста Атакент, была заложена капсула индустриального парка.

✔️Ожидается, что общая инвестиционная стоимость проекта составит 123 млрд тенге, а количество создаваемых рабочих мест превысит 3000. Этот проект придаст социально-экономический импульс не только Мактааральскому району, но и всей Туркестанской области. Уже сейчас на территории центра около 10 местных предпринимателей начинают свои проекты. На торжественном мероприятии аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров пожелал успехов работе нового проекта индустриального парка.

📌- Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные проблемы и их решение через цифровые изменения» поставил задачу по привлечению инвестиций в сферу обрабатывающей промышленности. В этом направлении для развития потенциала нашего региона сегодня мы заложили фундамент индустриального парка на территории Центра международной промышленной кооперации «Центральная Азия», который будет реализован с участием китайских инвесторов. Здесь планируется открытие предприятий по производству оборудования для распределения электроэнергии, низковольтного электрического оборудования, инверторов и систем промышленной автоматизации, а также беспилотных летательных аппаратов. Эта работа позволит снизить зависимость региона от республиканского бюджета и обеспечить занятость местного населения. Планируется, что сюда будет привлечено 123 миллиарда тенге инвестиций и будет создано 3000 рабочих мест. Кроме того, за счет налогов от заводов увеличатся доходы, поступающие в республиканский и местный бюджеты, - сказал Н. Кушеров.

✔️Центр международной промышленной кооперации «Центральная Азия» – это не просто производственный проект, а стратегическая платформа, определяющая будущее и новую экономическую эпоху региона.

✔️В ходе мероприятия выступили заместитель генерального секретаря Экономического комитета Китайской ассоциации по поддержке международных инвестиций Лю Цинфэн и руководитель департамента торговли города Вэньчжоу Юй Лицин, которые заверили, что приложат все усилия для реализации проектов в сфере обрабатывающей промышленности, которые инициированы при поддержке лидеров двух стран. Они отметили, что строительство предприятий будет качественным и своевременным.

✔️В рамках проектов планируется производство низковольтного электрического оборудования, инверторов и систем автоматизации, беспилотных летательных аппаратов (БПЛА), а также устройств для возобновляемых источников энергии. Это позволит превратить регион в технико-инновационный кластер.

✔️Центр международной промышленной кооперации «Центральная Азия» будет служить центром объединения, переработки и распределения крупнейших грузовых потоков в регионе, а также развития производственной кооперации в рамках транспортного коридора «Север-Юг». Кроме того, центр станет крупной платформой, которая повысит логистический потенциал региона и укрепит экономические связи между странами Центральной Азии. К 2027 году здесь планируется запустить более 60 крупных проектов и создать около 13 тысяч рабочих мест.

✔️В результате Туркестанская область станет новым центром обрабатывающей промышленности. Объем налоговых поступлений в местный бюджет значительно возрастет. Будут созданы новые рабочие места, налажена занятость и профессиональная подготовка молодежи, внедрены современные решения в области цифрового производства, автоматизации и искусственного интеллекта. Строительство новых производственных, складских и транспортных сетей существенно облегчит логистику.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
12 сентября 2025
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒАРЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒАРЫЛМАҚ

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру бағытында Түркістан облысында жұмыстар қарқынды жалғасып, жаңа жобалар іске асырылмақ.

✔️Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытайдың Гуандун провинциясының нарықты реттеу әкімшілігі және Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының сертификаттау орталығының өкілдерімен іскерлік кездесу өткізді. Басқосуда тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының сертификаттау жобасы кеңінен таныстырылып, арнайы платформа құру, өндірістік ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.

⤵️Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвсетициялық және туристік әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге ашық екенін жеткізді.

📌– Түркістан облысында өнеркәсіптің белсенді дамуына ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Инвесторлар үшін 4 мың гектар аумақта орналасқан «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және 20 индустриялық аймағы бар. «TURAN» АЭА қатысушыларына жеңілдіктер қарастылады. Әкімдік тарапынан «Бір терезе» қағидасы аясында толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргіземіз. Ірі жобаларға инженерлік инфрақұрылым тартуға, жер телімін таңдауға, жобаны ілгерілетуге тікелей көмек көрсетеміз. Біз Түркістан облысы мен Қытай елінің инвесторлары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.

✔️Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының сертификаттау жобасы ҚХР Мемлекеттік нарықты қадағалау басқармасы мен Гуандун-Гонконг-Макао аймағының тиісті мекемелерінің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Бұл қадам жергілікті өнімдерге Гуандун-Гонконг-Макао нарығына шығуға, бренд беделін арттыруға және тұтынушылардың кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. Жобаға үш аймақтың сертификаттау ұйымдары мен нарық субъектілері қатысады. Ол ауыл шаруашылығы өнімдері, өнеркәсіптік тұтыну тауарлары, жасыл құрылыс материалдары және қызмет көрсету салаларын қамтиды. Негізгі мақсат – өнім мен қызмет сапасын арттыру, өңірлік нарықтағы өзара тану мен ықпалдасуды дамыту.

✔️Қытайлық тарап Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қытайда табиғи өнімдерге сұраныстың жоғары екенін атап өтіп, Түркістан өнімдерін қытайлық және көршілес нарықтарға шығаруға ықпал етуге дайын екенін жеткізді. Қытайдың провинцияларында бизнес форумдар ұйымдастыруға, әріптестеріне өңірдің мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге ниетін білдірді.

✔️Сапар барысында шетелдік бизнес өкілдері Түркістан облысында өндірілетін өнімдермен танысты. Өндірістік парктерді аралап, жұмыс барысын бақылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
29 июля 2025
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2000-ҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2000-ҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

✔️Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту ісі қарқынды. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігі тұрғын үй құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылауды қарқынды жүзеге асырып келеді.

✔️Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

✔️Қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 57 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 42-сі – кредиттік негізде, 15-і әлеуметтік бағытта бой көтереді.

✔️Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі, «Отырар» шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлер мен «Интер» ЖШС тарапынан салынып жатқан, сондай-ақ, айналма жол бойында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

✔️Жалпы жыл соңына дейін 117 718 шаршы метрді құрайтын 37 тұрғын үй – 1982 пәтердің құрылысы толық аяқталып, қыркүйек-желтоқсан айларында «Отбасы банк» арқылы кезектегі азаматтарға заңға сәйкес кезең-кезеңімен беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____

В ТУРКЕСТАНЕ СДАДУТ ОКОЛО 2000 КВАРТИР

✔️В Туркестанской области ведутся интенсивные работы по обеспечению населения жильем. Контроль за качеством строительства жилья ведет акимат города Туркестана.

✔️Аким города Азимбек Пазылбекулы ознакомился с ходом строительства ряда жилых комплексов, строящихся на территории города.

✔️Сейчас на территории областного центра строятся 57 жилых домов, из них 42 - на кредитной, 15 - на социальной основе.

✔️Аким города ознакомился с ходом строительства жилых домов в жилом комплексе «Жибек жолы», пятиэтажных домов в микрорайоне «Отырар», многоэтажных домов, строящихся компанией «Интер», а также строящихся вдоль объездной дороги.

✔️До конца года будет полностью завершено строительство 37 жилых домов на 1982 квартиры площадью 117 718 квадратных метров, которые будут поэтапно предоставляться гражданам в сентябре-декабре в порядке очередности через «Отбасы банк».

Пресс-служба акима Туркестанской области

СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
29 июля 2025
Қазақстанда 245 мектеп кешенді реновациядан өтуде

Қазақстанда 245 мектеп кешенді реновациядан өтуде

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алдағы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті жаңғырту жоспарлануда. Биылғы жылы 245 мектепте кешенді жұмыстар басталды. Оның 146-сы ауылдық жерлерде, 99-ы қалаларда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жоспар бойынша:

214 мектепке – күрделі жөндеу жүргізіледі;

19 мектепте – ағымдағы жөндеу;

12 мектепке – реконструкциялау жүргізіледі.

Жобаны іске асыру шамамен 100 мың оқушы үшін білім алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба заманауи білім беру стандарттарына сай тоғыз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жаңғырту жұмыстары аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау және аумақтарды заманауи стандарттар бойынша абаттандыру көзделген.

Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең жағдайда білім алу және жан-жақты даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
17 июля 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Бабалар үні» атты этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау басталды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Байқау - түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін, мемлекеттік тілді насихаттауға, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтауға бағытталған.

Шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов пен облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларға сәттілік тілеп, өнерлеріне баға беруде. Жарыс барысында олар үміткерлердің эпосты орындау шеберлігіне, шығарманы таңдау талғамына, дауыс ырғағы мен тіл тазалығына назар аударады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
17 июля 2025
Президент әскери қызмет саласындағы түзетулер туралы заңға қол қойды

Президент әскери қызмет саласындағы түзетулер туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңмен Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесін жетілдіруді және осы саладағы жұмысты күшейтуді көздейді.

Екінші блок әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыруды мақсат тұтады.

Үшінші блок әскери есеп жүргізу және әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Төртінші блок әскери атақтар беру тәртібін оңтайландыруға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауға және әскери қызметшілердің мәртебесін биіктетуге арналған.

Бесінші блок мерзімді әскери қызметтің беделін көтеруді қарастырады.

Алтыншы блок жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау мәселесін назарға алған.

Жетінші блок мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруды дамытуға көңіл бөледі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ПОЛИТИКО-КУЛЬТУРНАЯ СФЕРА И ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
17 июля 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысымен Түркістан облысы экономикалық өсім қарқыны бойынша елімізде көш бастады. Өсім көрсеткіші 120,4%-ды құрап, өңірдің барлық негізгі салаларында оң динамика байқалды.

Экономиканың негізгі секторларындағы көрсеткіштер:
- Өнеркәсіп өндірісі көлемі – 593 млрд теңге (+14,8%);
- Ауыл шаруашылығы – 194,3 млрд теңге (+6,3%);
- Құрылыс жұмыстары – 117,4 млрд теңге;
- Сауда айналымы – 269,7 млрд теңге;
- Көлік және логистика саласы – 209,3 млрд теңге;
- Байланыс қызметтері – 4,9 млрд теңге;
- Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 306,1 мың шаршы метр.

Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының экономикасы әртараптанып, бірқатар салаларда тұрақты және қарқынды даму жолына түскенін көрсетеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы