Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» үйіне (ЦОН) бармай-ақ, 80% мемлекеттік қызметті интернет арқылы алуға болады

Сіздерді мемлекеттік қызметтерді онлайн элекрондық түрінде алуға шақырамыз.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде egov.kz порталы арқылы, еGov немесе eGov mobile, telegram bot қосымшасы арқылы алу әрі жылдам және уақыттыңызды үнемдейді.

Қосымша сұрақтар үшін 1414.

 

Мобильді қосымшаны Мобильді азаматтар базасында ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильді азаматтар базасында тіркелу жолдары:

  1. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП);
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады.

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Google Play (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

 

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады*.

Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:

  • eGov mobile қолданыстағы ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN кодқа және Сіздің құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) бекітуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны PIN кодқа және биометрияға бір рет бекітіп, әр авторизациялану және көрсетілетін қызметті алу кезінде Сізге ЭЦҚ таңдауға және пароль енгізуге алаңдамауға мүмкіндік береді.
  • Сондай-ақ, eGov mobile-да ЭЦҚ-ны мобильдік қосымшадан шығару функциясы қолжетімді.

Қосымшаның басты бетінде пайдаланушы үшін қосымшамен жұмыс істеу жөнінде қысқаша нұсқаулық берілген. Нұсқаулықтар әлеуметтік желілер бойынша пайдаланушыларға таныс тарих түрінде орындалған.

«Танымал қызметтер» бөлімінде барынша талап етілетін анықтамалар көрсетілген, қызметтердің толық тізімімен «барлық қызметтер» сілтемесі бойынша немесе «қызметтер» бөлімінде танысуға болады. Айта кететін жайт, көрсетілетін қызметті eGov mobile арқылы алу бұрыңғыдан ыңғайлырақ болды. Біз көрсетілетін қызметтерді тек қосымшаға ауыстырып қана қоймай, көрсетілетін қызметтерді толығымен басқаша ойластырып қараймыз. Көрсетілетін қызметті алу кезінде    өзіңіздің деректеріңізді енгізу қажет емес, сіздің деректеріңіз eGov жеке кабинетінен автоматты түрде толтырылатын болады.

Сондай-ақ, басты бетте қосымшалар дүкені орналастырылған:

  • «Цифрлық құжаттар» -  eGov mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша сервис. Сондай-ақ сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • «Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы Сізге:
    • резюме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, бос жұмыс орнына жауап беруге немесе шақырудан бас тартуға;
    • берілген параметрлер бойынша бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық поштаға хабарлама алуға;
    • кәсіби бағдар бойынша тестілеуден өтіп, сізге жақын мамандықты анықтау нәтижесін алуға мүмкіндік береді.
  • «Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ iOS-қа арналған «Денсаулық» бағдарламасына құжатты түсіру мүмкіндігімен медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және тағы да басқаларын алуға мүмкіндік береді.

«Хабарламалар» бөлімінде Сіз қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды көре аласыз.

«Профильде» отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебесі, заңды тұлғаға қатысу туралы ақпарат, авто және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат және т. б. туралы әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан жеке ақпараттар көрсетіледі.

Сондай-ақ, профильде қосымшаның параметрлерін өзгертуге болады.

 * Бір реттік пароль – сұрау салу жібергеннен кейін пайдаланушының ұялы телефонына келетін тексеру коды бар sms-хабарлама. Бір реттік парольді пайдалану үшін пайдаланушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
15 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
Информация
15 октября 2026
Объем пенсионных накоплений казахстанцев на 01.09.2026 г. превысил 28,47 трлн теңге
Информация
15 октября 2026
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Социальные медиа

Акимат Отрарского района

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы