Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.
Egov.kz арқылы
Порталға кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз;
Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
Өтініш берушіні таңдаңыз;
Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;
Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз;
Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет;
Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.
ХҚО арқылы
Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;
Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті ;
Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.
Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні;
Қызмет құны - 2404,98 теңге.