Меню

Страницы

Статья

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ

Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді.

Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;

Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:

Жеке куәлік;

Балалардың құжаттары;

Банктік есепшот жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг);

5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);

6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);

7 немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
15 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
Информация
15 октября 2026
Объем пенсионных накоплений казахстанцев на 01.09.2026 г. превысил 28,47 трлн теңге
Информация
15 октября 2026
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Социальные медиа

Акимат Отрарского района

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы