Меню

Страницы

Статья

ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар:

Egov.kz порталы арқылы

Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз

Қызметті онлайн сұратыңыз

Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды

Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз

ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз

Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.

ХҚО арқылы

ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз

ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз

Жұмыспен қамту орталығы арқылы

Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады.

 

ЕСКЕРТУ, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек.

Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады

Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады

Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады

Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз!

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
15 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
Информация
15 октября 2026
Объем пенсионных накоплений казахстанцев на 01.09.2026 г. превысил 28,47 трлн теңге
Информация
15 октября 2026
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Социальные медиа

Акимат Отрарского района

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы