Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ашим Елеусизов мемлекеттік қызметкерлермен іскерлік әдеп және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Мәжіліс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Ашим Елеусизов өз сөзінде іскерлік әдептің негізгі қағидалары сыпайылық, жауапкершілік, адалдық және тәртіп екенін атап өтті. Сонымен қатар қызметкерлер өз қызметін атқару барысында ұйымның ішкі ережелерін сақтап, міндеттерін сапалы орындауы қажет екенін айтты. Сондай-ақ жұмыс орнында ұқыпты киіну, уақытты тиімді пайдалану және ресми қарым-қатынас мәдениетін сақтау маңызды екені ескертілді.
Мәжіліс барысында Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды орындау мәселелері де қарастырылды. Сонымен бірге қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) қоғам мен жеке адамға тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мәжіліс соңында Ашим Елеусизов мемелекеттік қызметкерлерден түскен бірқатар ұсыныстарды тыңдап алдағы уақытта бұл жұмыстарды бақылау және түсіндіру жұмыстары жалғасатыны атап өтілді.