Суға түсуге тыйым салынған аумақтарға рейдтік шаралар жалғасуда
Көру саны:1
⚡️Суға түсуге тыйым салынған аумақтарға рейдтік шаралар жалғасуда
🏊🏻Жазғы демалыс маусымында судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері Арыс өзені жағасындағы демалушыларға су мен өрт қауіптілігінің алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шаралар атқарылуда.
✅Тыйым салынған орындарға шомылған азаматтарға суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екендігін ескертті. Сондай-ақ тыйым салған орындарға шомылған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
🆘 Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Су мен от тілсіз жау екенін естен шығармаңыздар❗️
#сіздіңполицияңыз
#KzPolice
#Police_Turkistan
#TurkistanPolice