GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Пресс-центр
Контакты
Аппарат акима
Деятельность
Онлайн-приемная
Документы
Все материалы
24 мая 2024
ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Қазақ-өзбек шекарасының маңындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан «жабайы» саудаға тосқауыл қойылуы тиіс. Маңызды мәселеге нүкте қою үшін Сарығаш ауданынағы «Жібек жолы» кеден бекетінің айналасы толық реттеледі. Жаңа полиция бекеті ашылады. Бұл жерде заманауи терминал салу жолдары қарастырылуда. Осы аумақтағы барлық сауда нүктелері сонда орналастырылады. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарығаш ауданына келіп, кеден бекеті маңындағы жағдайды бақылады. Сауда орталықтарының иелерімен жүздесіп, оларға мәселені кеңесе отырып, заңды шешу жолдарын көрсетті.

– Сарыағаш ауданының әлеуеті жоғары. Шекараның мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Қызмет көрсету орындарын жүйелеп, ретке келтіру керек. Кәсіпкерлікті заңдастыру маңызды, – деген Дархан Сатыбалды барлық құзырлы орган басшыларының қатысуымен өңірлік жедел штабының көшпелі отырысын өткізді. Онда заңсыз сауданы тоқтатып, шекара аймағын тәртіпке келтіруді күшейту мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды. Штаб отырысында шекара маңын бірнеше ірі кәсіпкер меншіктеп алғаны ашық айтылды. Маңызды мәселенің түйінін тарқатпақ болғандар бұл күресті жан-жақты жүргізуге келісті.

Жедел штаб отырысында заңсыз құрылыстың жолын кесіп, шекара аймағындағы шетел валютасын заңсыз айырбастауды реттеу, контрабанда мен өзге де қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай-ақ құзырлы орган басшылары мұндағы заңсыз тауар айналымы мен заңсыз құмар ойындарына қарсы күрес жайлы да мәлімдеді. Бұл аймақта 4 айда 1700 қылмыс тіркелген.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шекара маңындағы инфрақұрылымды, қызмет көрсету орындарын реттеу, жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздікті сақтау, сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды тоқтатпауды тапсырды. Аудан әкімі мен жауапты басқармаларға, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар жүктеліп, ұсыныстар берілді.

– Шекараның өткізу мүмкіндігі шектеулі. Ал, құрылыс саны артып, толассыз кептеліс кедергі келтіруде. Маңызды аймақта заңсыз кәсіпкерлік нысандары қаптап кеткен. Біздің басты мақсатымыз – шекара аймағында тәртіп орнату.  Заңсыздыққа жол бермеу. Қауіпсіздікті, тазалықты сақтау. Әрине кәсіпкерлерді қолдап, оларға жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Тек заңды жолмен. Жаппай заңсыздықтың жолын кесу жолында талай тосқауыл болары сөзсіз. Бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз. Заңсыз құрылыстар бұзылады. Ақша айырбастайтындар лицензия алып, тек заңға сәйкес жұмыс істесін. Көше базарында санитария талаптары сақталмайтыны тағы бар. Жаңадан жаңалық ашып отырған жоқпыз. Бұл аумақтағы қирағалы тұрған сауда ошақтары мен заңсыз, рұқсатсыз құрылыстан қарапайым халық жапа шегуі мүмкін. Екі ел арасындағы қақпаның аумағын толық ретке келтіруге күш саламыз. Сол жерді абаттандырып, ретке келтіреміз. Заманауи терминал салу жолдарын қарастырып, ол үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Онда сауда нүктелері болады. Отандық өнімге басымдық беріледі. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатта арнайы комиссия құрылады, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

«Жібек жолы» кеден бекетінің жанында пайдаланудағы және салынып жатқан ретсіз, заңсыз құрылыстарды анықтап, құқық бұзушылықты жою бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері облыстық бақылау жөнінде басқармасымен 17 құрылыс нысандарында анықталған заң бұзушылықтар негізінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, 4 млн теңгеден аса айыппұлдар салынды. Заңсыз құрылыс нысандарын бұзу жөнінде сотқа арыздар жолдануда. Алайда сот айыппұл салумен шектелген. Басқарма сот қаулысымен келіспей, прокуратураға қарсы пікір білдіруге хат жолдап жатыр. Заңсыздықты жою жұмыстары тоқтамайды.

Облыс әкімі шекара маңындағы инфрақұрылымды, қызмет көрсету орындарын реттеу, жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды тоқтатпауды тапсырды. Аудан әкімі мен жауапты басқармаларға, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар жүктеліп, ұсыныстар берілді. Өңірлік жедел штаб отырысы енді ай сайын өтеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 мая 2024
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

🔹ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

_________________

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кездесу өткізіп, оларды жеке мәселелерімен қабылдады.

Қабылдауда жер және тұрғын үй алу секілді өзге де жеке мәселелер көтерілді.Тұрғын үй кезегіне қатысты сауалмен келген қала тұрғындарына қала әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін түсіндірді.

Қабылдау соңында қала басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, бөлім және мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.

✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

24 мая 2024
Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді

19-22 мамыр аралығында Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен және Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен кездесті.

Бүгінде Түркістан облысында 469,3 мың гектар жерге көкөністер мен егін егілді. Оның 100 мың гектардан астамы – Қазығұрт ауданында. Мұнда бидай, арпа, жүгері, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, көкөністер өсіріледі. 2 мың гектарға жуық бақша жайқалды. Жайылымға 133 мың га бөлінген. Агроқұрылымдардың басым көпшілігі – шаруа қожалықтары (3375). Оның 105-і серіктестіктер болса, 127-сі – кооперативтер. Мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы өте дамыған, 400 мыңға жуық бас бар.

"Қазығұрт-Агро" ЖШС-нің директоры Ержан Көбеев вице-премьермен кездесуде субсидиялауға жататын тыңайтқыштарды енгізу нормасын және фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын тұтыну нормативін ұлғайту мәселесін көтерді. "Егер біз мөлшерін көбейтсек, біз жерді екі рет өңдеп, топырақты жақсарта аламыз", дейді ол.

Серік Жұманғарин өндіруші зауыттарда қажетті қорды қалыптастыру үшін фермерлер тыңайтқыштарға уақтылы өтініш беру қажет деп жауап берді.

– Биыл республика бойынша тыңайтқыштарға 35 млрд теңге бөлінді, біз шамамен 1,5 млн тонна енгізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылға арналған жоспарда көлемді 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Тыңайтқыш алуға мүмкіндігіңіз бар, өтінім беру керек, – деді ол.

Шаруа Спандияр Байғұлов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына субсидия берудегі мәселелер бойынша сұрақ қойды. 

– Мен «John Deere» комбайнын 140 млн теңгеге несиеге алғым келді. Бірақ маған бұрынғыдай 6% - ға емес, тек 15% - ға ғана субсидия берілетінін айтты. Бұл қалай?  – деді ол.

 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов енді Қазақстанда аналогтары өндірілетін шетелдік техниканы сатып алуға субсидиялар берілмейтінін айтты. Отандық техниканы сатып алуға берілетін субсидиялар 30%-ды құрайды. Шетелде шығарылған ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау жалғасады.

Мақтаарал ауданында Серік Жұманғарин мақта егу бойынша көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда "Хамро Ата" өндірістік кооперативі Қытай инвесторымен бірлесіп, "Peng Seng" тамшылатып суару технологиясы бойынша 310 гектарға мақта отырғызды. Жобаның ерекшелігі – қарапайым әдіспен егілген мақта алқаптарымен салыстырғанда ағынды сулардың көлемін 50% үнемдеуге болады. Бұл өнімділікті гектарына 60-70 центнерге арттырады. Мұнда вице-премьерге мақта өсіру және қайта өңдеу бойынша жобалар ұсынылды, оларды іске асыру биыл басталды. Бұлар –құны 10 млрд теңге болатын "Cotton мақта", "Tulpar Textile" (15 млрд теңге, жіптер өндірісі), "TST Jetisay Textile" (жіптер өндірісі, мақта өңдеу, маталар мен тоқыма өндірісі) кластерлері. Сонымен бірге өзбек серіктестерімен бірлескен, құны 50 млн доллар болатын "Global Textile Turkestan" экспортқа бағдарланған кластері де жүзеге асады.

Вице-премьермен кездесуде мақта өсірушілер аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына (VLOOKUP) жеңілдетілген дизель отынын беру нормативтерін қайта есептеу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Фермерлер субсидия төлемдерін кешіктіру деректерін айтып, шағымданды.

– Біз биыл арзандатылған бағамен 376 мың тонна дизель отынын бөлдік. Алдымен 340 мың тонна, ал қажеттіліктер нақтыланғаннан кейін тағы 36 мың тоннаға ұлғайттық. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жылдық 5% өсіммен 580 млрд теңге бөлеміз. Өтінім беріп, жеңілдіктерді пайдалануға болады, – деді Серік Жұманғарин мақта өсірушілерге.

Сондай-ақ сапар аясында вице-премьер жүгеріні қайта өңдеу зауытының, "ЭКО-культура" жылыжай кешенінің, банан өсіретін жылыжайдың құрылыс барысымен, "Бөрте-милка" сүт-тауар фермасының дамуымен танысты.

——————-

24 мая 2024
ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқу-ағарту саласындағы «KitapХАН» кітап оқыту әдісінің жылдық қорытындысы өтті. Шараға Түркістан облысы білім басқармасының басшы міндетін атқарушы Жандос Маханбетов қатысып, байқауға  қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітап қоры толығып, білім алушылардың кітап оқу мен кітапты таңдау мүмкіндігінің аясы кеңейгені байқалып отыр. Республикадағы әр білім беру ұйымын оқуға құштар мектепке баули отырып, алдағы уақытта кітап оқу дағдысы бұқаралық сипатқа айналады деп сенеміз, – деді ол.

Жалпы жоба апталық, айлық,  жылдық кезеңдерден тұрады. Әр аптаның жеңімпаздары айлық сайысқа шығады. Ал айлық жеңімпаздар жылдық финалға шығып, нәтижесінде «KitapХАН» жеңімпазы атанады. Облыс бойынша кітап оқу сайысына жалпы 1000 мектеп ішінен 80 мың мұғалім, жарты миллион оқушы қатысып, соның ішінде ақтық мәреге 21 үміткер жолдама ұтып алды. Бүгінгі финалдық кезеңде іріктеуден өткен қатысушылар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерінен үзінді оқып, қоғамда кітап оқудың маңыздылығына ерекше мән берді. Сондай-ақ өздері оқыған кітабын 7 минутта қорғап, нәтижесін бөлісті.

Байқауда басшылық құрам арасынан Төлеби ауданы, Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Лаззат Сандыбаева «KitapХАН»  жеңімпазы атанса, ал ұстаздар арасынан Арыс қаласы, Жиделі жалпы білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлу Алышева жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар арасынан Отырар ауданындағы С.Әшірбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Таңшолпан Қалдыбай жеңімпаз атанды.

Финалға шыққан барлық үміткерге «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» демеушілігімен құнды, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда,  мектеп оқушыларына 8 велосипед, 5 мектеп  директоры мен  8 мектеп мұғаліміне 13 теледидар тарту етілді. Одан бөлек белсенділік танытқаны үшін бірқатар жандарға «Құрмет» грамотасы табысталды.

Аталған шараны Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастырып отыр. Орталық басшысы Бақытжан Төлімбеттің айуынша «KitapХАН» жобасына «Болат Өтемұратов» қоры, жергілікті кәсіподақ ұйымы, «Stepp&World баспасы», Kitap.kz серіктестері қолдау көрсетуде. Негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының басшылық құрамы мен педагогтары, оқушылар (колледж студенттер) және ата-аналардың отандық, әлемдік әдебиеттермен таныс болуына ықпал етіп, оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін көтеру, елдік, патриоттық, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.

 «Айта кетейік, Түркістан облысы білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқушыларға арналған «КitapХАН» кітап оқыту әдісі ҚР Әділет министрлігінде ресми тіркелген. Мемлекет басшысының білімді ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бері үш жыл бойы жүйелі жүргізіліп келеді. Осы әдіспен үш жыл ішінде 10 мыңға жуық педагог пен оқушылар қатысқан.

Түркіс

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы