Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және оған қарасты мекемелерінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет мекемелері:
Мәдениет сарайы – 1, ауылдық клубтар және мәдениет үйлері– 19, кітапханалар – 39 (оның ішінде 6 қалалық, 33 ауылдық), тілдерді оқыту және дамыту орталығы.
Мекемелер тарапынан мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекет саясатын жүргізу мақсатында түрлі іс-шаралар тұрақты түрде атқарылады.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша
«Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында штаттық кесте бойынша жергілікті бюджеттен 66 бірлік штат беріліп, бекітілген. Оның ішінде 24,5 штаттық бірлік 41,5 ауылдық клубқа тиесілі. Қазіргі таңда жалпы 68 қызметкер жұмыс атқарады.
2019 жылыы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және оған қарасты мекемелерде – жалпы саны 939 іс-шара өткізіліп, оған 190240 қала және ауыл тұрғындары тартылды.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында 7 мәдени құрылым, қатысушылар саны – 138, ал оған қарасты 19 ауыл клубында 44 мәдени құрылым, қатысушылар саны – 410. Барлығы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтарында 51 үйірме жұмыс атқарып, 548 адам қатысады.
Мәдениет үйлері мен клубтарға жергілікті бюджеттен 119996,0 мың теңге қаралып, 12 айда толығымен игерілді. Оның ішінде материалдық техникалық базаны нығайтуға 18566,0 мың теңге бөлінді. Мәдениет сарайының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 4800,0 мың теңгеге жылдың төрт мезгіліне арналған сахналық киімдер, 680,0 мың теңгеге кремельдік кілем төсеніштері, 1600,0 мың теңгеге киіз үй, 2324,0 мың теңгеге музыкалық аппаратура, 1896,0 мың теңгеге ауыл клубтарына арналған музыкалық аппаратура, 3460,0 мың теңгеге ауыл клубтарына арналған сахналық киімдер және сахналық перде, 252,0 мың теңгеге калорифер, 252,0 мың теңгеге радиатор, 252,0 мың теңгеге компьютер, 121,0 мың теңгеге кондиционер, 252,0 мың теңге принтер, 252,0 мың теңге процессор, 225,0 мың теңге монитор, ардагерлер хоры ұжымына сахналық киімдер 1950,0 мың теңге, қазандық сатып алу 250,0мың теңге қаралды.
Ақылы қызметтен 2019 жылдың 12 айында 3650,9 мың теңге түсірілді.
Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтары қызметкерлері және үйірме қатысушыларының қатысқан республикалық және облыстық байқаулары:
- Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры мақаласы аясында» Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» эстрада әншілерінің аймақтық байқауынан Арыпхан Қуаныш Балтабайұлы қатысып. жүлделі ІІІ орын иеленді;
- Балдаурен -2019 облыстық жас әншілер мен іс-шара жүргізушілер байқауында үлкен топ бойынша Сатыбалды Нұрасыл (Хантағы ауылы) қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді;
- Балдаурен -2019 облыстық жас әншілер мен іс-шара жүргізушілер байқауында үлкен кіші топ бойынша Жақсыбек Айбек қатысып «Патриоттық әндерді шебер орындағаны үшін» арнайы жүлдемен марапатталды;
- 2019 жылы Облыстық «Ұлттық қолөнер –Ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің фестивалінен «Тоқыма өнері» бойынша Айдарша Мереке жүлделі І-орын иеленді;
- 2019 жылы Республикалық «Ұлы ДалаҰрпақтары» өнер мен білім байқауына «Вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен Жақсыбек Айбек, Төре Жанель, Сатыбалды Нұрасыл, Шекербекова Ақбота Бас жүлдені иеленді;
- 2019 жылы Республикалық «Ұлы Дала Ұрпақтары» өнер мен білім байқауына «Ақындық өнер» жанры бойынша өнер көрсеткен Жолдыбаева Ардақ жүлделі І –орынды иеленді;
- 2019 жылы Республикалық «Ұлы Дала Ұрпақтары» өнер мен білім байқауына «Көркемсөз оқу» жанры бойынша өнер көрсеткен Әділбай Ардақ жүлделі ІІ –орынды, Есіркесін Еркебұлан және Ағайдар Айбол Бас жүлдені иеленді;
- 2019 жылы «Ақсу –жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы»фестивалі аясында өтетін «Қызғалдақты Түлкібас» атты композиторларға арналған байқаудан Ш.Алибеков (Жүйнек) ІІ орын иеленді;
- 2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында өткен «Айтқыштар Ақтөбеде» VІІІ Республикалық әзіл-сықақ фестиваліне «Шапалақ» театры қатысып, ең жоғары деңгейдегі «Үздік театр» номинациясын жеңіп алды.
- Облыстық «Жырласа жастар жырласын» жас ақындар айтысынан Ыхлас Гүлжан жүлделі ІІІ орын иеленді;
- «Атадан мұра» қоғамдық қорының 2018-2019 оқу жылында өткізген республикалық байқауынан Төре Жанель ІІІ орын иеленді;
- Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Сабыр Балымша «Бәрінен де сен сұлу» жүлдесімен марапатталды.
- Шардара ауданының 55 жылдығына арналған «Шырқалсын Шардараның әндері» атты облыстық ән байқауынан Әбілханова Айжан жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» «Арнайы жүлдесін» жеңіп алды;
-Облыстық «Сәлем,саған Түркістан» өнер фестивалінің «Би» жанры бойынша «Шаттық» би ұжымы қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді
Кітапханалар бойынша:
Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде -39 кітапхана жұмыс жасайды. Штаттық кесте бойынша жергілікті бюджеттен 59,75 бірлік штат беріліп, бекітілген.
Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қорына 2018 жылы 852,0 мың теңге қаралса, 2019 жылы мың теңге 1456,0 қаралып, отандық және әлемдік классикалық туындыларымен, қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен, мерзімді басылымдармен толықтырылды. 2019 жылдың соңын кітапхана жүйесінде кітап қоры 579990 дананы құрайды, оның 284367 данасы мемлекеттік тілде.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 2019 жылы бақылау көрсеткіштері (39 кітапхана):
Оқырмандар саны- 48492
Кітап берілімі- 855640
Келушілер саны- 451729.
Кітапханаларда қызығушылық – мүдделес клубтар жұмыс атқарады. Атап айтсақ, орталық кітапханада 3 клуб - «Ата дәстүр – асыл мұра» клубы, «Дидарласу отауы» клубы, «Жастық жалын» клубы, Орталық балалар кітапханасында 2 клуб: «Бәрін білгім келеді клубы», «Жас өркен» клубы, Хантағы ауылдық №2 кітапхана – филиалында «Атамекен» клубы, Бүргем елдімекендік №8 кітапхана-филиалында «Рауан» мүдделес клубы, №10 балалар кітапхана – филиалында «Алтын қазына» клубы, Қарнақ ауылдық №15 кітапхана-филиалының «Шаңырақ» клубы жұмыс атқарып, клубтар тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Кітапханаларға 2019 жылы материалдық техникалық базаны нығайтуға 1720,0 мың мың теңге жұмсалды. Оған «Білім орталығын» ашу үшін 3 компьютер, 1 ноутбук 1 принтер, 4 үстел, 1 телевизор, 1 диван, 2 перде, 1 кілем, 1 кілемше, 10 орындық, 1 кондиционер сатып алынды. Ауылдық кітапханалараға 250,0 мың теңге жылыту пештері, 60,0 мың теңге латын әліпбиіндегі елтаңба сатып алынды. 2019 жылы кітапханаларда іс-шара өткізуге 88,0 мың теңге қаралып, игерілді.
2019 жылдың сәуір айында орталық кітапханада «Білім орталығы» ашылып, оқырмандарға қызмет көрсету сапасы артты. 2019 жылдың ІІ- жылдығынан бастап ауылдық кітапханалар арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша әжелер алқасымен бірлесе отырып, ауылдардағы балабақшалардың бүлдіршіндеріне ертегі оқу марафоны жүргізілді.
Жалпы өткізілген іс-шаралар саны -1850, оның ішінде: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен іс-шаралар саны-45, «Жастар жылына»- 40, «2019 жыл Өзбекістандағы Қазақстан жылына»-28, Қазақстан Республикасының Конституциясына өткізілген іс-шаралар саны- 32, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында өткен іс-шаралар саны- 35, «Бір өлке-бір кітап» акциясы аясында өткен іс-шаралар саны- 21.
Тіл саласы
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі:
2019 жылға жоспар - 89,0% (183180 адам), Орындалғаны - 89,0% (183180 адам),
2019 жылы тілдерді оқыту және дамыту орталығынан 545 адам мемлекеттік тілді меңгеріп, сертификат алды. 11-сыныпты бітіріп, мемлекеттік тілді меңгергендер саны-1638, 9-сыныпты аяқтап, мектепте оқуды жалғастырмайтындар-4987, колледж бітірушілер-698.
Барлығы – 3868 адам. Халық саны – 206048
2018 жыл қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 87,3% құраған. (179312 адам)
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі:
2019 жылға жоспар – 14,0 % (28843 адам), Орындалғаны -14,0 % (28843 адам),
2019 жылы тілдерді оқыту және дамыту орталығынан 130 адам ағылшын тілін меңгеріп, сертификат алды. 11-сыныпты бітіріп, ағылшын тілін меңгергендер саны – 1638, 9-сыныпты аяқтап, мектепте оқуды жалғастырмайтындар-987, колледж бітірушілер-455, жекеменшік оқу орындарында-370.
Барлығы –3580 адам. Халық саны – 206048
2018 жыл қорытындысымен ағылшын тілін меңгергендер үлесі 12,3 % (25263 адам).
Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі:
2019 жылға жоспар - 12,8% (26374 адам), Орындалғаны -13,1% (27111 адам)
2019 жылы 11- сыныпты бітіріп, үш тілді меңгергендер саны – 1638, 9-сыныпты аяқтап, мектепте оқуды жалғастырмайтындар -987, колледж бітірушілер-455.
Барлығы – 2080 адам. Халық саны – 206048
2018 жыл қорытындысымен үш тілді меңгергендер үлесі 11,7 % (24031 адам).
Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі:
Тоқсандық қорытындымен жасалады. Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі 2019 жылы 100 пайызды құрады.
Тіл үйрету және ҚАЗТЕСТ жүйесі
ҚАЗТЕСТ жүйесінің стандарты негізінде сабақтар өткізіледі. Яғни, А-1 (қарапайым), А-2 (базалық), В-1 (орта), В-2 (ортадан жоғары), С-1 (жоғары).
Курстың оқу мезгілі 120 сағат көлемінде оқытылады, 1 курс - 4,5-5 айға созылады. Әрбір топтағы тіл үйренушілерден әр тарауды оқытып аяқтағаннан кейін, деңгейін анықтау мақсатында аралық тесттер алынады және оның қорытындысы шығарылып отырады.
2019 жылы мемлекеттік тіл және латын әліпбиі бойынша 545 адам, ағылшын тілінен 130 адам сертификат алды.
2019 жылдың 12 айында тіл саласын дамыту мақсатында 53 іс-шара өткізілді. Мемлекеттік тілді үйрету бағдарламасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттауды жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы «Кентау шұғыласы», «Қаратау тәжі» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты міндетіміз», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс», «Тұғырлы тіл» «Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің болашағы», «Мемлекеттік тіліміздің тазалығын сақтайық!», «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы», «Жарнамаға жаңашылдық керек!», «Латын әліпбиіне көшудің басты маңыздылығы»т.б. мақалалар мен тілдерді тегін оқыту курстары жайында хабарландыру жарияланды. «Тұран Түркістан» телеарнасы арқылы мелекеттік тіл мен ағылшын тілін оқуға және Латын әліпбиін меңгеруге шақыратын хабарлама-ролик жарияланып келеді. Әр өткізілген семинарлар мен іс-шаралар туралы мәлімет әлеуметтік желілеріне жіберіліп отыр.
Жарнама
Сыртқы жарнама- 2019 жыл басындағы тізім бойынша- 6, қалғаны-0
2019 жылы қала көшелерінде орналасқан жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне ҚР тіл туралы заңын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда қалған барлық нысандар атауы заңға сәйкестендірілді.
Проблемалық мәселелер:
- мәдениет сарайы және ауыл клубтарына 4 дана компьютер қажет;
- кітапханаларға қазіргі уақытқа сәйкес үстел, орындықтар, шкафтар, кітап сөрелері, төсеніш кілемдер (дорожка), т.б. заттар қажет;
- кітап қорын толықтыру.
Бөлім басшысы А.Байболова