
Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет мекемелері:
Мәдениет сарайы – 1, ауылдық клубтар және мәдениет үйлері– 19, кітапханалар – 39 (оның ішінде 6 қалалық, 33 ауылдық), тілдерді оқыту және дамыту орталығы.
Мекемелер тарапынан мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекет саясатын жүргізу мақсатында түрлі іс-шаралар тұрақты түрде атқарылады.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша
«Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында штаттық кесте бойынша жергілікті бюджеттен 66 бірлік штат беріліп, бекітілген. Оның ішінде 24,5 штаттық бірлік 41,5 ауылдық клубқа тиесілі. Қазіргі таңда жалпы 68 қызметкер жұмыс атқарады.