БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 1.Зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдерге кімдердің құқығы бар? Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар: 1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас); 2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар; 3)еңбекжағдайларызияндыөндірістердежұмысістеп,оныңпайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға (бұдан әрі - жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толғандар)беріледі. 2.Кесте бойынша берілетін төлемдер қалай есептеледі? Кестебойыншаберілетінтөлемдербылайесептеледі:зейнетақытөлемінала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшеріреспубликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге). Тек55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84күнтізбелікайбойыміндеттікәсібизейнетақыжарналарытөленгеназаматтарға берілетін төлемнің есебі басқаша. Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерінарттыратынтүзетукоэффициенттерікөзделген.Жоғарыдакөрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. ЕгерБЖЗҚ-дантөлемжасалғанкүндегізейнетақыжинақтарыныңсомасы республикалықбюджеттуралызаңдатиістіқаржыжылынабелгіленгенеңтөменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі. Түзету коэффициенттері 55 жасқа толған және олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдарға қолданылмайды. 3.БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан хабарласуға болады? БЖЗҚ-данзейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерінтағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері
уақытылыхабарласуы қажет. Мұны зейнет жасына 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлеріөтініш берілген күннен бастап жүргізіледі.Бұл ретте өтініш берілген күн болып өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. 4.БЖЗҚ-дазейнетақыжинақтарыбармүгедектікбелгіленгенжандарға қайда забарласу қажет? Мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚбөлімшелеріненемесеэлектрондықцифрлыққолтаңбаныпайдаланаотырып, enpf.kz сайтындағы не БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет. БЖЗҚ-да мүгедектігі бар адамдар үшін үйінде/жұмыс орнында қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігі тексеріледі. 5.55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға қайда хабарласу қажет? 55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленгентұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде проактивті қызмет көрсету арқылынежекебасынкуәландыратынқұжатты,сондай-ақбанкшотытуралы мәліметтердіұсынаотырып,Мемлекеттіккорпорацияғаөтінішпенжүгінгенкезде тағайындалады. Егер аталған адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса, онда бұл тұлғаға оларды алуға келісімі болған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін. 6.БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне жүгінбеген зейнеткерлерге қатысты қандай іс-шараларды жүзеге асырады? Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанғадейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS- хабарламажіберіледі.Ондаegov.kzсайтындағықажеттіқұжаттартізімінесілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшінтиістіхабарламаларжібереді.Себебі,өткізіпалғанкезеңүшінтөлемдер тағайындалмайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп,осындайазаматтардажасынабайланыстытағайындалғанзейнетақы төлемдерініңжәнебюджетқаражатыесебіненмемлекеттікбазалықзейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл
зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.