Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс он екінші сессиясы шақырылды. Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1. Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
2. Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.