GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Документы
Деятельность
Аппарат акима
Контакты
Пресс-центр
Онлайн-приемная
Все материалы
11 марта 2024
ШАЯН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 8 НАУРЫЗ - «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ» ОРАЙ «АНА ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ

8 НАУРЫЗ - «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ» ОРАЙ «АНА ӨМІР ШУАҒЫ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дарқан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі бекер емес. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы.

Бүгін, Шаян ауылдық округі әкімі А.Ауельбекованың ұйымдастыруымен Орталық кітапханада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада Бәйдібек ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қалаубай, Шаян ауылдық округі ардагерлеркеңесініңтөрағасы Т.Дүйсенбеков аналар қауымын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

"Құрметті ақ жаулықты әжелер, ару аналар!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ана— тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.

Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Ауылымыз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың қосқан үлесі зор.

Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарына шаттық тіледі.

Іс-шара барысында құттықтау тілектер айтылып, сыйлықтар табысталды. Аудандық әйелдер кенесі төрайымы жане Шаян ауылы әйелдер кеңесінің төрайымы құттықтап аналарға жылы лебіздерін білдірді.

Жиынның соңы ауылымыздың өнерпаздары ән салып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарлама жоғарғы денгейде өтіп, шуақты ,мерекелік көңіл-күй қалдырды. Ақ жаулықты аналарымыз көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы