Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді барша қазақстандықтар үшін ең Ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстан – бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен орын алған, экономикасы қарыштап даму үстіндегі, ішкі-сыртқы саясатта үлкен беделге ие мемлекетке айналды.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды, жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен қарқынды даму, экономикасы, тұрақты саяси жүйесі бар Қазақстанның болашағы бүгінгіден де нұрлы, бүгінгіден де кемел боларына берік сенім бар.
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақытта да ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт береке тілеймін!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!