
«Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, дін және өңірде мемлекеттік тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Дербес бөлім өз қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, діни қызмет, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруды мақсат етеді.