"1 маусым - балаларды қорғау күні" мерекесіне орай, Ағыбет ауылында Есіркеп батыр мектебінде іс-шара өтіп, балаларға Ағыбет елді-мекенінің демеушілер атынан сый-сияпаттар табысталды
"Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясы аясында Ағыбет ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды.
"ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ОКРУГІМІЗДЕ БЕЛСЕНДІ ЖҮРІП ЖАТЫР.
“AMANAT” партиясы Halyk Bank-пен бірге ұйымдастырған жобада,бүгін 5 күндік оқу сабағының 2-ші күні өтті.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру болатын.Оқуға қатысқан барлық азаматтарға арнайы сертификат беріледі. Берілетін сертификат «Бизнес бастау» оқыды деген және бизнес жоспарыңызды қоса алатын болады
АҒЫБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІМІЗГЕ САЙЛАНҒАН АУЫЛ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ
_____
2024 жылдың 5 мамыр күні өткен Ағыбет ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №17 шешімімен Күздеубаев Ердана Шаймырзаұлы Ағыбет ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, 6 мамыр күнінен бастап қызметіне кірісті.
Жаңадан сайланған ауыл әкімін Ағыбет ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері мен округ тұрғындарына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев таныстырды.
Бақыт Қырғызалиев жаңадан сайланған Ердана Күздеубаевтың қызметіне сәттілік тілеп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ердана Шаймырзаұлы Күздеубаев 9 маусым 1987 жылы Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2018 жылы Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2020 жылдың 12 ақпанынан бастап, бүгінгі күнге дейін Ағыбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы қызметін атқарған. Отбасылы.
АҒЫБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША, КӨГАЛДАНДЫРУ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Ағыбет ауылы Мәдениет үйінің қоршалған шарбақ ішіне, екі жүз түп тал отырғызылды.
Ағыбет ауылы, Мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Асыл АНА» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға арнайы қатысқан Ағыбет ауылдық округі әкімі Жасұлан Оразханұлы ауылдағы ардақты аналар мен әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қауымын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шара барысында 13 көп балалы анаға алғыс хаттар мен силықтар табысталып,іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.