НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА АҚҚАЛАДА ЖАҢА САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ Сырдың бойында орналасқан Аққала ауылында Әз Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Тоқшылық пен береке-бірліктің тойына қатысқан қала әкімі Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.