Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жергілікті «Мансап орталығы» филиалының қызметкерлеріне оқыту – семинар өткізу, біліктілігіне тестілеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары бойынша жиын өтті.
Қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғали Омарұлы жүргізіп отырды. Жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Күміс Мирова, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Алмас Абдикадиров пен бөлім басшысы Қарабаев Нұрлыбек Сембекұлы, және қаламызға қарасты барлық ауылдық округтерінің әкімдері мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары, Арыс қалалық мансап орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Семинарда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шаралары және аудан, қалаларда мониторинг жұмыстарын жандандыру жұмыстары айтылды. Бұдан бөлек, АӘК-ті негізсіз тағайындауға жол бермеу арқылы олардың санын жыл соңына дейін төмендету мәселелері, ол үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп жаңа жұмыс орындарымен қамту шаралары пысықталды.
Жиын соңында жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік меморандумға қол қойылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі