ҚР МСМ Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№09-4-04) (уақытша негізгі қызметкердің 2024 жылғы 3 қаңтарға дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін) блок-Б
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
236 338
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Министрлікте мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы тиісті заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге; Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Туризм индустриясы комитетінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыруға; Министрлікте қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурс, аукцион, бір көзден сатып алу, баға ұсыныстарын сұрату әдістерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуге; Министрлікте мемлекеттік сатып алуды өткізу үрдісіне қатысуға; Министрлікте мемлекеттік сатып алу шарттарын дайындауға қатысуға; Министрлікте мемлекеттік сатып алу бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауға; Басқарма құзыреті шегінде Министрлікке республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын және мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылауға; Заң қызметі департаментіне заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қолдану үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы ақпаратпен материалдарды дер кезінде беруге; Министрлік құзыреті шегінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді сапалы және уақтылы ұсынуға; Министрлікте мемлекеттік сатып алу Веб-порталында жұмыс жүргізуге; Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, орталық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға берілетін ақпараттың уақыттылығы мен сапалығын қамтамасыз етуге; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштерді және өзге жеке мен заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарастыруға міндетті; Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орныдайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.kadry@msm.gov.kz
- 17.11.2022
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084