ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 24.01.2025 ж. дейінгі бала күту демалысы кезеңіне)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
428567
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Өнер
- Өнер және гуманитарлық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдармен, журналистикамен және ақпаратпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Министрліктің стратегиялық және жедел жоспарларын әзірлеуге, архив ісі мәселелері жөніндегі Комитеттің қызметін жоспарлауға қатысу; Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау, құрылымдық бөлімшедегі қызметшілердің міндеттері мен өкілеттіктерін бөлу; басқарманың жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, атқарылған жұмыс туралы есеп беру; басқарманың ережесін, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу, олардың қызметінің тиімділігі бойынша бағалау жүргізу; Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету; Ұлттық архив қорының құжаттары және оны толықтыру көздері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қор каталогын жүргізу; мыналарды: орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын; Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру; Ұлттық архив қорын және құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету; архив құжаттарын, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығару туралы шешім қабылдау; шетелдегі архивтік құжаттардың тарихы бойынша Қазақстан Республикасына жиналуын және қайтарылуын қамтамасыз ету; Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығаруды, пайдалануды және ғылыми айналымға енгізуді ұйымдастыру; Ұлттық архив қорының құжаттарын және архив құжаттарының түпнұсқаларын экспорттауға лицензия беру; Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару және пайдалану мәселелерін қарау жөніндегі Ғылыми кеңестің, Министрліктің орталық сараптау-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; архив ісі саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды, іс – шаралар жоспарларын («Архив-2025») әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің басшыларын тағайындау және босату, оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу; стратегиялық жоспарлардың орындалуы туралы есептерді, республикадағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттарын, Министрліктің алқа отырыстарында қарау үшін баяндамалар мен материалдарды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.04.2022
- әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 74-04-17