ҚР МСМ Экономика және қаржы департаменті Жиынтық-бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (2020 жылғы 31 тамызға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Жоспарлы кезеңге арналған барлық республикалық бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау; оларды бекіту туралы үкімет қаулысының жобасын дайындау; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және түзету; ағымдағы нысаналы трансферттер мен дамуға арналған трансферттердің уақытылы және тиімді пайдаланылуын бақылау; ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауға талдау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларға сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; министрліктің және бағынысты ұйымдардың штат кестесін құруды, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету. Бюжеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу және Министрліктің бюджеттік бағдарламалары жоспарларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу, мемлекеттік орган бюджетінің қаражатын басқару тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша президент әкімшілігімен, парламентпен, үкіметпен, орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс № 625 бөлме
-
8 (7172) 74-10-84