ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті Музыка өнері басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
-
- Музыкалық білім
- Музыкатану
- Аспаптық орындаушылық
- Вокалдық өнер
- Дәстүрлі музыка өнері
- Дирижерлау
- Хореография
- Композиция
- Арт - менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
шет ел жоғары оқу орындарының туыстық топ мамандықтары
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысына жалпы жетекшілік ету; Басқармаға жүктеген міндеттері мен функцияларын орындау үшін жауапкершілік; музыка, хореография өнері саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; музыка, хореография өнері саласы бойынша нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; мәдениет және өнер қайраткерлерімен, бағынысты ұйымдармен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қарым-қатынас үйлестіру жұмыстарын жүргізу; бағынысты республикалық мәдениет ұйымдарының жанрлық тиесілігін және қызметін анықтауға қатысу; бағынысты мекемелердің басшыларын таңдау мен тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу, республикалық мәдениет ұйымдары басшыларын, ұйымдарын аттестаттаудан өткізуге қатысу; мәдениет, өнер қайраткерлеріне мемлекеттік, салалық наградалар беру туралы ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру; Басқарманың жұмыс жоспары жобасын қалыптастыру; Басқарманың есептік жылдық жұмысының қорытындылауына қатысу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру; орталық және жергілікті атқарушы органдармен, бағыныстағы және басқа ұйымдармен өз құзыреті шегінде қызметтік хат алмасуды жүргізу; белгіленген мерзімге сәйкес Басқарманың тапсырмаларды сапалы орындалуына жауапкершілікті атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс № 625 бөлмеде
-
8 (7172) 74-10-84