ҚР МСМ Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Жиынтық талдау басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2022 ж. 31.08. дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Тілдер және әдебиет
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Тарих
  • Философия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және оған жалпы басшылықты жүзеге асыру; басқарманың функциялары мен міндеттерінің уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; зерттеу және талдау жұмыстарын ұйымдастыру, басқарманың әлеуметтанулық зерттеулерін өткізуді және бақылауды ұйымдастыру; басқарманың құзыретіне кіретін бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, норма шығармашылық қызметке қатысу; Департамент жетекшілік ететін салалар бойынша жиынтық-талдамалық баяндамалар, жазбалар, презентациялық материалдар әзірлеу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтінімдері мен өзге де өтініштерін қарастыру; мемлекеттік орган қызметінің және жауапты хатшы  қызметінің тиімділігін бағалау үшін ақпарат беру жөніндегі жұмыстың мониторингін жүргізу жұмысын ұйымдастыру; жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарымен іс-қимыл жасау, басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу; еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жасау және басқарманың материалдық-техникалық және басқа да ресурстарын пайдалануды жоспарлау; басқарма қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөлу және олардың жауапкершілік дәрежелерін анықтау; басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу; басқарманың қызметкерлерін  көтермелеу және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнінде Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу; басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы бойынша және шет елдерге іссапарлары туралы Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына қатысу; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2020 – 24.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.04.2020

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, проспект Мәңгілік Ел 8, здание «Дом Министерств», 15-подъезд, № 625 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-10-84