ҚР МСМ Әкімшілік департаменті директорының орынбасары (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2020 ж. 20.10. дейін)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ұйымдастырушылық-бақылау басқармасының қызметіне басшылық жасайды, алқа отырыстарын өткізу және дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру; құжаттардың уақытылы, сапалы орындалуына және Министрліктің регламентіне сәйкес іс қағаздарын жүргізуді бақылауды ұйымдастыру; Министрліктің ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; іс-шараларды өткізу барысында ( Министрліктің Министрдің қатысуымен республикалық және халықаралық іс-шаралары, алқа мәжілісі отырысы, семинар және конференцияларда) техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру; министрліктің ақпараттық жүйе және ақпараттық жүйелері қызметін үйлестіру; Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша есептік материалдар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау үшін «Ақпараттық технологияларды қолдану», «Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау» бағыттары бойынша ақпарат беру жөніндегі жұмысты үйлестіру; талдау жұмыстарын ұйымдастыру, басқа құрылымдармен және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмысты үйлестіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстың жүзеге асырылуына бақылау; Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру, азаматтарды қабылдау мәселелерін реттеу, өз құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Талдау жұмыстарын жүргізу, басқа да құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру, ақпараттарды өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, есептеу техникасы құралдарын, телекоммуникация құралдары мен бағдарламалық қамтасыз етуді паспорттаудан және түгендеуден өткізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 13.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс № 625 бөлме
-
8 (7172) 74-10-84