ҚР МСМ Архив ісі және құжаттама департаменті ақпараттық қызметтер және мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкерді 03.02.2023 жылға дейінгі бала күту демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Әлеуметтік ғылымдармен, журналистикамен және ақпаратпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және басқару
  • Кітапхана ісі
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Сақтау мерзімдері көрсетілген ведомстволық (салалық) құжаттар тізбелерін қарау; үлгілік, ведомстволық (салалық) істер номенклатурасына келісу; «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу бойынша  ұсыныстар енгізу; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электронды құжат айналымы және электронды архивтер басқару жай-күйіне талдау жасау; республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық  ескерткіштердің қорғалуын, олардың сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасына оның тарихына қатысты шетелдердегі архивтік құжаттарды жинақтау мен қайтару; Ұлттық архив қорының қызметін қалыптастыру және қамтамасыз ету; архивтік құжаттарды басып шығаруды ұйымдастыру; Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру және қызмет етуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын, электрондық құжат және электрондық архив саласындағы заңнаманың орындалуын электрондық құжаттар мен электрондық құжатайналымын пайдалана отырып, құжатайналым мәселесін бақылауды жүзеге асыру; Ұлттық архив қоры құжаттарының және оны толықтыру көздерінің құрамы мен мазмұны туралы Деректер жинағын жүргізу, Ұлттық архив қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ету; тиісті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздерінің тізімдерін бекітуді ұйымдастыру; Министрліктің Орталық сараптау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, ол туралы ережені әзірлеу; мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттардың ведомстволық сақталуын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; стратегиялық жоспарларды, республикадағы архив ісі дамуының негізгі бағыттарын орындау туралы есептерді, Министрліктің алқа мәжілісінде қарау үшін баяндамаларды және материалдарды әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2020 – 24.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 6 қабат, 625 бөлме

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-04-17