Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті
Астана қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Министрдің, жетекшілік ететін вице-министрдің, Комитет төрағасының, Комитет төрағасы орынбасарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды, оның ішінде Басқарманың құзыретіне кіретін стратегиялық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияны қарауға қатысу; өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау; Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, лотерея операторының Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу; ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсынатын есептіліктерді жинау және талдау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жіберу; лотерея өткізу шарттарын келісу не келісуден бас тарту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін және талаптарға сәйкестігін тексеру кестелерін қалыптастыру; лицензиаттардың ойын бизнесі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және талдау жасау, оның ішінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың болуын растайтын құжаттардың қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру; сот-шағым жұмыстарын жүзеге асыру; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен хат алмасу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру; бас сарапшыларының бірі жұмыста уақытша болмаған кезеңде оның лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.chudabaeva@tsm.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі»
-
8(7172)74-38-59