Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық қамтамасыз ету және наразылық талаптар жұмысы басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, басқарма қызметкерлері арасында тапсырмаларды орындау бойынша міндеттерді бөлу және оларды бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларының, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен әзірленетін құрылтай құжаттарды және басқа да заңды сипаттағы құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргізу, Басқарма құзыреті шегінде процессуалдық  құжаттар мен басқа құжаттарды қарастыру және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;  Басқарма құзыреті шегінде ұйымдарда және сот органдарында Министрліктің мүдделерін қорғау; Министрлікпен жасалған азаматтық – құқықтық шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда және (немесе) тиісінше орындамауына ықпал ету шараларын қолдануды үйлестіруін қамтамасыз ету; барлық сот сатыларында, прокуратура органдарында Министрліктің пайдасына емес қабылданған сот актісіне уақытылы шағымдану шараларын қабылдау; талап арыз жұмысының, Министірліктің қатысуымен даулар бойынша сот тәжірибесінің жай-күйін талдауды және дау бойынша себептерін жою жөніндегі ұсыныстар енгізуін және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуын қамтамасыз ету, Басқарма қызметкерлерінің оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету ; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және басқа мекемелермен Министрліктің және ведомстволық ұйымдардың қызметінің құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Департамент құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар ұсынатын нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу; Министрліктің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін іске асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволары әзірлейтін Министрдің нормативтік құқықтық бұйрықтарының құқықтық мониторингін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; заң, жарлық, қаулы жобаларын мемлекеттік органдарда келісімнен өткізуге сүйемелдеу, Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуді ұйымдастыру; Департаменттің құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен әзірленген нормативтік құқықтық актілерді келісу; басқарма қызметкерлерімен қарастырылатын хаттарды және құжаттарды Департаменттің құзыреті шегінде келісу және оларға қол қою.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2026 – 13.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік Ел Даңғылы, ғимарат 8, Есіл ауданы, Астана қаласы

Анықтама алу үшін байланыс

8717274-04-17