ҚР ТСМ, Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті, Мониторинг және профилактика басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УМИП-3
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Вице-министрге жетекшілік ететін министрдің, Комитет төрағасының, Комитет төрағасы орынбасарының, Басқарма басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде басшылықтың құзыреті шегінде стратегиялық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияны қарауға қатысу; өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау; лотереялар мен ұтыс ойындарын заңсыз ұйымдастыру белгілерінің болуы тұрғысынан әлеуметтік желілердің мониторингін жүзеге асырады; заңсыз лотереяны ұйымдастыру фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды; ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауына, оның букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың аппаратты бағдарламалық кешендері серверлерінің Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жерінде орналасуының сәйкестігіне мониторинг жүргізу; букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асырылуына мониторинг жасау; лицензиаттардың ойын бизнесі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және талдау жасау, оның ішінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың болуын растайтын құжаттардың қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігіне мониторинг жасау; тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассалардың тізілімін жүргізеді; ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы салалық қауымдастықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; тотализаторлар мен букмекерлік кеңселердің сауда белгілерінің, жұмыс жасайтын сайттарының бар болуына тұрақты түрде талдау жасау; лотерея есептілігі орталығына келіп түсетін ақпаратқа талдау жасайды; құқық қорғау органдарының сұратулары бойынша қарайды және қорытындылар береді; лудоманияның профилактикасы және оның салдарымен күрес жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс - қимылды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласында халықаралық шарттарды әзірлеу, жасасу және орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекет мүдделерін білдіру және олардың жұмысына қатысу; лудоманияға қарсы іс-қимыл және оның профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді; заңсыз ойын бизнесімен және лотерея қызметімен күрес мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; жиынтық ақпарат жинауды жүзеге асырады; интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстардың мониторингін және тізбесін жүргізеді; казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау жөніндегі жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын қарайды және оларды келісу бойынша Министрлікке тиісті ұсыныстар енгізу; сот-шағым жұмыстарын жүзеге асырады; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен хат алмасу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру; бас сарапшыларының бірі жұмыста уақытша болмаған кезеңде оның лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.nizarova@tsm.gov.kz
- 02.10.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8(7172)74-14-04