ҚР ТСМ, Персоналды басқару департаменті, Кадрлық іріктеу және мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УКОИПГС-3 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 2026 жылғы 8 қарашадағы дейін)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Туризм
Функционалды міндеттер
1) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 2) Министрліктің кадрларын іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады; 3) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің конкурстық, аттестаттау, тұрғын-үй және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; 4) Министрліктің қызметшілерінің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; 5) Министрліктің мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады; 6) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек демалыстарының кестесін әзірлейді; 7) коллегиялар, семинарлар мен мәжілістерді дайындауға қатысады; 8) Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 9) Министрліктің кадрларына, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау жүргізеді; 10) Министрліктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдық санаттарына біліктілік талаптарын, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлеу бойынша жалпы үйлестіреді; 11) Министрліктің мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерге тәлімгер бекітілуін қамтамасыз етеді; 12) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек демалыстары, іссапарлар, жұмысқа қабылдау және босату, ауысу, марапаттау жөніндегі бұйрықтарын рәсімдейді; 13) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш не қайта қабылданған тұлғаларға Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы тексеруге қажетті құжаттарды рәсімдейді; 14) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның отырысын ұйымдастырады, тиісті материалдарды дайындайды; 15) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек кітапшаларын, жеке істерін, қызметтік тізілімдерін жүргізеді; 16) Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне жеке сәйкестендіру карталарын әзірлейді; 17) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерге қатысты еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимінің сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен мемлекеттік қызметшілерді таныстырады; 18) Министрліктің бойынша кадрдың жай-күйі туралы апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді әзірлейді; 19) Министрліктің бойынша кадр мониторингін және кадрлық істі жүргізеді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде); 20) Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты қызметтік тергеу жүргізуге қатысады; 21) Министрлік мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімін сақтай отырып, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қатысты жұмыстарды жүргізеді; 22) Министрлік мемлекеттік қызметшілеріне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығымен өзара әрекет орнатады; 23) Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында орын алуға мемлекеттік қызметшілердің балаларын кезекке қою, олардың есебін жүргізу және кезекте тұрғандар арасында бөлінген орындарды бөлу бойынша жұмыстарды жүргізеді; 24) Министрлік «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады; 25) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне кадр мәселелеріне қатысты практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 26) Министрлікте әскери міндеттілер мен шақырушыларды есепке алу, жөнінде жұмысты жүргізуді ұйымдастырады, әскери қызметке міндетті адамдарды броньдауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді; 27) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және басқа өтініштерді қарайды; 28) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 29) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 30) Департамент құзыреті шегінде салтанатты іс-шараларды ұйымдастырады; 31) функцияларын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асырады, қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік әдепті сақтауға міндетті; 32) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге міндетті; 33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды; 34) өз құзыреті шегінде өз саласында ақпараттық технологияларды қолдану және қызметті автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстар жүргізеді (қажет болған жағдайда); 35) өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге. Бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға; 36) Басқарма басшысы жұмыста уақытша болмаған кезде Министрліктің аппарат басшысының бұйрығына сәйкес оның міндеттерін атқарады. Бас сарапшы жұмыста уақытша болмаған кезде басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес оның міндеттерін атқарады; 37) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындайды
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.nizarova@tsm.gov.kz
- 04.09.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Мнистрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8(7172)74-14-04