ҚР ТСМ, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Жиынтық-талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), СУ-2
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Дене шынықтыру және спорт
- Тарих
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы жөнінде ақпараттық талдауды жүзеге асыру; 2) Басқарма құзыреті шегінде құқықтық актілерді дайындау; 3) дене шынықтыру және спортты дамыту бөлігінде Министрліктің даму және операциялық жоспарды іске асыру мониторингін өткізу және олардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау; 4) өз құзыреті шегінде өңірлерді дамыту жоспарларының жобаларын, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары шеңберінде салааралық өзара іс-қимыл шараларын келісуді жүзеге асыру; 5) дене шынықтыру және спортты дамыту жай күйіне талдау жүргізу, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде кемшіліктерді жою бойынша Комитет басшыларына ұсыныс әзірлеу және ұсыну; 6) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру мен спорт бойынша Министрліктің даму және операциялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету; 8) ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша есептер дайындау; 9) ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз ету, «AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру бойынша есептерді дайындау, ақпаратты талдау; 10) ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз ету, 2023 – 2025 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни қызметтің профилактикасы бойынша Жол картасын іске асыру жөнінде есептерді дайындау; 11) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 12) Министрліктің Спорт және дене шынықтыру саласындағы даму жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; 13) дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өзіне белгілі болған жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылығының назарына дереу жеткізу. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу; 14) өз құзыреті шегінде басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын қарау, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 15) Басқарманың құжаттарын есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету, архивке тапсырылғанға дейін сақтауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.nizarova@tsm.gov.kz
- 20.08.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8(7172)74-14-04